Халықаралық әлеуметтік ғылымдар зерттеу конгресі мен Жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты кеш өтті

«Түркі әлеміндегі тіл, тарих және мәдениет зерттеулері» тақырыбындағы конференцияның ашылу салтанаты және де 2019-2020 Жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты кеш өткізілді. Конгрестің ашылуында Ататүрік Мәдениеті, тіл, тарих, жоғары ұйымдастыру I вице-президенті Профессор, доктор Мұхаммед Хекимоглу, Өкілетті Кеңес төрағасы проф.док Мұса Иылдыз,Өкілетті Кеңес мүшесі проф.док Мұхиттин Шимшек, ХҚТУ ректоры проф.док Болатбек Абдрасилов, ХҚТУ I вице-президенті проф.док Женгиз Томар, Конгрес басқарма басшысы проф.док Хасан Кара, проф.док, Анкад журналының редакторы және Гази университетінің оқытушысы Турхан Шетин құттықтау сөз сөйлеп конгрес жұмысына сәттіліктер тіледі.
«Түркі әлеміндегі тіл, тарих және мәдениет зерттеулері» тақыбырындағы конгерсте, əлемдегі ғылым, білім саласында түркі əлеміне қатысты зерттеу жасап жүрген ғалымдар тың идеялары мен жаңаша ой-пікірлерін бөлісу үшін бас қосуда. Сондықтан да бұл – түркі дүниесінің əдебиеті мен мəдениетінің кеңеюіне ықпал жасамақ. Конгрестің басты мақсаты – ғылыми бағытта пікір алмасуды қамтамасыз ету, жаңа ғылыми зерттеулерге жол ашу. Түрлі ғылым саласында пікір алмасып, келешекте түбі бір түркі əлемінде ортақ ғылыми жобаларды жүзеге асыруға серпін бермек. Конгрес түркі халықтарының өзара ынтымақтастығының нығая түсуі, əлемдік деңгейде қолданылатын зерттеулер жүргізуге жаңаша бағыт бермек.
Шара аясында университет өнерпаздарының арнайы дайындаған концерттік бағдарламасы жиын көркін аша түсті. Түбі бір түркі жұртына ортақ мәдениет әуеледі.
Жиын соңында екі ел арасындағы бауырластық пен ынтымақтастықтың белгісі ретінде өзара сый-сияпаттар беріліп, дәстүрмен шапан жабылды.