ФОТО ӨНЕРІНІҢ ШЕБЕРЛЕРІ УНИВЕРСИТІМІЗДЕ

Қыркүйектің 2 күні университетімізге танымал фото өнерінің шеберлері «National Geographic Qazaqstan» сайтның бас редакторы Даурен Құдайберген, Алтай Қазақ этно-фотография қоғамының басшысы Серік Мұқыш және Екпін Хасенжанұлы (Қытай), Антонио Палитано (Италия)  келді.

Журналистика мамандығының студенттері фото өнерінің хас шеберлерімен кездесті.  Алтай өңірінен келген фотогафтардың шынайы кадрлары студенттерді тамсандырмай қоймады. Фото өнері – асқан төзімділік пен қырағылықты талап ететін сала. Бұл шеберлер суреттің сапалы әрі әдемі шығуына ғана мән бермеген,мұнда тұмса табиғат пен жергілікті халықтың тыныс-тіршілігін объектив арқылы жеткізген. Әрбір фотоның астарында үлкен мағына мен терең мәні бар. Сұқбат барысында суреттің тартымды шығуы фотоөнердің түрлі машықтары мен қатар «National Geographic Qazaqstan» журналы өз суреттері арқылы жеткізген ғаламдық мәселелер де сөз болды. Ал,италиялық Антонио Палитано Нұр-Сұлтан қаласында түсірген сутеттерімен бөлісті

Білімгерлеріміз қызықты мәліметтермен қатар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды.

Айта кетейік, «National Geographic Qazaqstan» журналы «Үздік журнал» аталымы бойынша екі рет «Үркер» силығын жеңіп алған.