«АНА МЕН БАЛА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ ФОРУМЫ

Бүгін университетімізде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдастыруымен «АНА мен БАЛА» атты халықаралық ғылыми-білім форумы өткізілді. Шараға акушер-гинекологтар, неонатологтар, медициналық генетиктер, анестезиолог-реаниматологтар, зерттеудің функционалдық әдістерінің мамандары (УДЗ, КТГ) Түркістан облысының акушерлері мен медбикелері қатысты. Сонымен қатар, Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы М.К.Егізбаев, Акушерлік, геникология және перинатология ғылыми орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Д.Д.Мирзахметова сынды бірқатар азаматтар сөз алды.
Форумның негізгі мақсаты медициналық-әлеуметтік көмекті ұйымдастыру ана мен перинаталдық сырқаттанушылық пен өлім-жітімді төмендету; акушерлік асқынулардың жоғары қаупі бар экстрагениталдық патологиясы бар жүкті әйелдерді күту; акушерияның клиникалық аспектілері (жүктілік пен босанудың қауіпсіз технологиялары, жүктілікті көтермеу, жүктілік кезіндегі гипертензиялық жағдайлар, акушерліктегі қан кету, жүктілік кезіндегі инфекциялар және отбасы денсаулығының клиникалық аспектілері (репродуктивті денсаулықты сақтау, некеде бедеулік, контрацепция мәселелері).
Репродуктивті денсаулықты нығайтуға бағытталған емдеу-диагностикалық шарасы барысында мамандар арасында клиникалық тәжірибе алмаcты.
Сондай-ақ, форумда бірқатар мамандар қатысушыларды тегін тексерістерден өткізіп, кеңестер берді.