Әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Дәулет Ниязбековпен кездесу

Елді танытатын спорт  пен өнер.  Қазан айының 11 жұлдызында «Токио-2020» Олимпиадасына жолдама алған, университетіміздің «Мемлекеттік және жергілікті жерді басқару» мамандығының магистранты, Әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Дәулет Ниязбековпен кездесу өтті. 

Нұр-Сұлтан қаласында 100-ге тарта елден 1000 аса балуан қатысқан Әлем чемпионатының күміс жүлдесін қанжысына байлап, «Токио-2020» Олимпиадасына жолдама алған университетіміздің «Мемлекеттік және жергілікті жерді басқару» мамандығының магистранты Дәулет Ниязбековпен оқу орнымыздың студенттері кездесті. Басқосуда университетіміздің вице-президенттері Ө.Үмбетов, П.Пилтен және  Ә.Абуов сөз алып, жеңімпазды жеңісімен құттықтады.

Кездесуді құттықтау сөзбен ашқан Оқу-әдістемелік ісі жөніндегі вице-президент Өмірбек Үмбетұлы:

«Дәулет, еліміздің астанасы Нұр-Сұлтанда өткен Әлем чемпионатында 65 салмақ дәрежесінде белдесіп, Әлемнің күміс жұлдегері атанып, «Токио-2020» Олимпиадасының жолдамасына ие болды. Бірінші белдесуінде Тайпей палуанын Ию-Хсуанды 10/0 есебімен ұтты, екінші белдесуінде Германиялық Александр Семисоровпен шығып 12/8 есебімен жеңді, үшінші белдесуінде моңғолиялық Тулга Тимур Оширмен күресіп, оны 6/2 есебімен ұтты. Ал төртінші белдесуінде әлемдік рейтингтің көшін бастап тұрған үндістандық Бажаранг Пунияны жеңіп финалға шығып, күміс жүлдегер атанады. Олипиаданың жолдамасына қол жеткізген шәкіртіміздің бұған дейінгі жетістіктері де аз емес. Біз саған сенеміз, әлі талай шыңдардан көрінуіңе тілекші боламыз!»- деп, Дәулетке сенім білдірді.

Кездесуде сөз алған Даму және қаржыландыру жөніндегі вице-президент Пусат Пилтен Дәулеттің қуанышы барша түркі еліне ортақ екендігін айтты.

-Дәулет, сенің бүгінгі жеңісің бүткіл түркі елінің жеңісі. Сені осындай жетістікке жеткізген ата-анаң мен ұстаздарыңа рахмет. Бұл қуаныш біздің университет үшін де мақтаныш болып отыр. Оқу орнымыздан және қазақ атынан шыққан барлық спортшыға біз түркі халқы жанкүйерміз. Тіпті, қазақ пен түрік бір-бірімен сынға түссе де біз үшін кімнің жеңетіні маңызды емес. Сені жеңісіңмен құттықтаймын. «Токио-2020» Олимпиадасынан жеңіспен оралуыңа тілекшіміз»-, деді. 

Университетіміздің «Әлеуметтік қолдау және тәрбие істері жөніндегі вице-президент Әміреқұл Ергешұлы спортшының қуанышына ортақтасып, қанатты сөздерімен жігер сыйлады.

«Біздің оқу орнымызда білім алып, биіктерден көрінген әрбір маман біздің мақтанышымыз. Алған білім мен тәжірибелерің сендерге жеңіс сыилап жатқанына қуанамыз. Бүгін, сен артыңнан еріп келе жатқан іні-қарындастарыңа үлгі болып отырсың. Олар саған қарап бой түзеп өседі. Жеңісіңнің қатары көбейіп, қанжығаңда жүлделер көбейе берсін. Біз саған сенеміз!»- деді Ә.Абуов.

Жылы лебіздер мен қошеметке бөленген спортшы Дәулет Шораұлы өз сөзінде, әрбір жеткен жетістігі мен қуанышын еліне арнайтынын айтты.

«Маған сенім артып, қолдау көрсеткендеріңізге рахмет. Өздеріңіз білесіздер, спорт адамы сөзге қарағанда іске бейім болады. Сондықтан да, үміт артқан мына сіздерге қашанда іспен натиже көрсетемін», — деп, ел сенімін ақтайтынын жеткізді.

Сондай-ақ, кездесуде спортшымен кездескен жастар ел мақтанышына арнау өлеңдер оқып, жыр шашуларын ұсынды. Онымен қоса, Дәулеттің жеке өмірі мен мамандығына қатысты сұрақтар да қойылды.

«Токио-2020» Олимпиадасының балуандар үшін маңызы жоғары. Себебі, боз кілемдегі балуандар бәсекесі жәй ғана біріншілік, жүлде ғана емес, Олимпиада жүлдесі үшін сынға түседі. Бұл олимпиадалық кездесуге салмақ дәрежелері 1-ден 6-ға дейінгі орындардан көрінген балуандар ие болады.

Еркін кездесу барысында Д.Ниязбеков жастардың қошеметіне бөленді. Жиын соңында университет атынан балуанның иығына шапан жабылып, гүл шоқтары табысталды.