ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ІІІ ОРЫНҒА ТҰРАҚТАДЫ

Самбо күресінен 2019 жылдың қазан айының 10-14 жұлдыздары аралығында Ташкент қаласында Әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге 40 мемлекеттен 500-ге жуық спортшылар қатысты. Оқу ордамыздың 4 спортшы-студенттері де аталған жарыста өнер көрсетіп, биіктерден көріне білді. Атап өтер болсақ, қыздар арасында 80 кг салмақта Оразбай Арайлым ІІІ орын, ерлер арасында +100 кг Әбдіғани Бибарыс ІІІ орынды иемденді.
Спортшыларымызды Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушы, профессор, Оқу-сауықтыру бөлімінің аға бапкері Әбдісадық Халилаев пен Қазақстан Республикасының Спорт шебері, Оқу-сауықтыру бөлімінің аға бапкері Мұхтар Бугенбаев баптаған.
Айта кетейік, аталған додада Қазақстан құрамасы өзбек балуандарынан кейінгі ІІІ орынға тұрақтады.