«TURKISTAN: ONE WAY — ONE HISTORY» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИСТІК ФОРУМЫ

«Turkistan Tourism Center» туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен университетімізде «TURKISTAN: ONE WAY — ONE HISTORY» халықаралық туристік инвестициялық форум өтті. Форумның мақсаты Түркістан қаласында туризмді дамыту, тікелей инвестициялар тартуға және инвесторлар арасында аймақтың туристік әлеуетін арттыруға үлес қоспақ. Форум аясында әлемдік сарапшылар Ұлы Жібек жолы бойындағы елдердің туризмін дамытудың өзекті мәселелерін, туризм саласындағы цифрландыру мен маркетингтің жаңа мүмкіндіктері мен тенденцияларын, сондай-ақ қазіргі жастардың болашақ экономикадағы рөлін талқылады.

Форумға 300 — ден астам қонақ қатысты, олардың ішінде шет елдердің министрлері, алыс-жақын шетелдердің туристік саласының халықаралық кәсіпқойлары, мемлекеттік органдар, қазақстандық және халықаралық бизнес-қауымдастықтары, туристік ұйымдары, қауымдастықтар мен инвестициялық компаниялардың өкілдері бар. Оқу ордамыздың Мәдениет үйінде өткен форумда алғы сөз Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевқа берілді:

— Құрметті қонақтар, Түркістан өңіріне қош келдіңіздер! Өзімнің және облыс әкімі Ө.Шөкеевтың атынан Қазақстанның тарихи мәдени туризім орталығы Оңтүстік Қазақстан қалалар жүйесінде ерекше орын алатын Түркістан өңірінде өтіліп отырған форумның маңыздылығы жоғары екенін айтқым келеді. Бұл өлке қазақ хандығының рухани астанасы. Қазірде Түркістан қаласын таныту мақсатында тек қала аумағында ғана емес оның аумағындағы барлық тарихи орындарды танытуға күш салып жатырмыз. Бұл жоба қарқынды түрде жүріп жатыр. Сонымен қатар облыста жаңа ғимараттар да бой көтеруде. Бұл жобалар да қаланың өсуіне өз үлесін қосуда. Облыс әкімі Өмірзақ Естайұлының бастамасымен Түркістан қаласын идиологиялық және тарихи тұрғыдан қалыптастырудың төрт бағытын ұсынған болатын. Оның бірі Түркістан қаласын әлемдік деңгейдегі қолөнершілер орталығына айналдыру. Осы орайда бүгінгі күні аумағы 6000 шаршы шақырымды құрайтын Ұлы жібек жолының ұлттық дәстүрлі қолөнер орталығының құрылысы жүргізілуде. Бұл жоба Республикада қолөнерді дамытуда алғашқы және бірегей жоба болып табылады. Форуммен қатар Тайқазанның 620-жылдық мерекесіне орай «Taiqazan» — Ұлы Жібек жолындағы Орта Азия елдерінің гастрономиялық фестивалі» және «Silk Road Craftsman-2019» халықаралық қолөнершілер жәрмеңкесі өткізілетін болады. Бұл «Silk Road Craftsman-2019» халықаралық қолөнершілер фестивалі халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, қолөнер шеберлері мен шеберлер мектебінің дәстүрлерін жандандыруға және сақтауға мүмкіндік береді, — деді.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Раймқұлова:

— Бүгінде әлем жиһангездері Ұлы Жібек бойындағы туристік бағыттарға зор қызығушылық танытуда. Дүниежүзілік туризм үйінің мәліметіне сәйкес Жібек жолы брендімен танымал тур өнім әлемдік тур бағыттардың көшін бастап тұр. Түркістан өңірі көне Ұлы Жібек жолының бір бөлігі болғандықтан аталған туристік бағытты дәріптеуге толық құқығы бар. Бұл тек аймақ тұрғындарына емес, күллі қазақ халқы үшін аса маңызды. Тарихы тереңнен бастау алатын шығармашылық өрісі кең байтақ жеріміздей, кең дархан пейілді Қазақстан халқын бір ортаға жұмылдыруға бағытталған. Әрі елімізді үздік 30 мемлекеттің қатарына жетелейтін Тұңғыш президентіміз Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» ұлттық идеясы. Бұл ретте, туризм саласында да көрініс табады деп сенеміз, — деді.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ректоры Болатбек Абдрасилов:
— Құрметті қонақтар біздің оқу орнымызда өтіп отырған форумға қош келіпсіздер! Бұл форумның өтудегі мақсаты зор. Түркістанды туристік орталыққа айналдыру өте өзекті. Бүгінгі  форум өңіріміздің туристік әлеуетін көтеретініне сенміз. Тек біздің Түркістан ғана емес еліміздің барлық аймақтары таихи бай аймақтар. Бізде де Түркиядағыдай көптеген тарихи орталықтар бар. Атап айтқанда Сығанақ, Созақ, Сауран, сынды тарихи жерлеріміз жетерлік. Форумның маңыздылығы жоғары. Қазақстандағы туризмді дамытуға үкімет тарапынан ерекше көңіл бөлінуде. Туризм саласында көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту үшін білікті кадрлар қажет екені де белгілі. Бүгінгі форум Түркістан облысының туристік мүмкіндіктерін таныстыру, туризмді дамыту, тікелей инвестицияларды тарту, әлеуетті инвесторлар арасында өңірдің туристік әлеуетін арттыру үшін жыл сайынғы негізгі іс-шара мәртебесін алу жолымен халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге қосымша серпін береріне сенеміз. Жалпы, өңірдің туристік және инвестициялық имиджін қалыптастыруға оң ықпал ететін форумға біздің оқу ордамыз қолдау көрсетеді, — деді.

Форум қорытындысы бойынша бірқатар меморандумдарға қол қойылды. Олардың арасында туризмді дамыту және тәжірбие алмасу мақсаттарында Қожа Ахмет Ясауи университеті мен Өзбекстан Республикасының Жібек жолы халықаралық туризм университетімен мемарандум түз3лді. Ал форумның екінші бөлігі «Маркетинг және цифрландыру – жаңа тенденциялар мен міндеттер» және «Болашақ экономикасындағы жастардың рөлі» тақырыптарында панельдік сесиялардың өтуімен жалғасты.