ТҮРКИЯНЫҢ БАС КОНСУЛЫ ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ

Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас Консулы Али Рыза Акынжы мырза мен білім жөніндегі кеңесшісі Махмут Агырман мырза оқу ордамызға арнайы іс-сапармен келді. Олар Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ректоры Болатбек Абдрасилов мырзаның қабылдауында болды. Кездесуде қос тарап университеттің дамуына қатысты тақырыптарда сөз қозғады.

Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас Консулы Али Рыза Акынжы:
— Сіздермен қауышып отырғаныма қуаныштымын! Қожа Ахмет Ясауи университетінің екі ел үшін маңыздылығы жоғары екені баршаға мәлім. Ясауидің шәкірттерін Түркияның әрбір қаласынан кездестіруге болады. Олар Ясауидің ілімін жалғастырған. Келесі жылы Әл-Фараби жылы. Осыған үлкен мән беруіміз қажет. Екі елдің татулығына себепкер болып отырған университет күннен-күнге дамып келеді. Оның бұдан әріге дамып жоғарлауына қатысты ұсыныс пікірлеріңіз болса тыңдауға дайынмын, — деді.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ректоры Болатбек Абдрасилов:
— Осында келгендеріңіз үшін қуаныштымыз! Әрине, біздің университетіміз қолдауды әрқашан қажет етеді. Туркия Республикасы қасиетті Түркістан қаласын дамытуға үлкен күш салуда. Оған дәлел мына өздеріңіз отырған оқу ошағы. Осы университет Түркістанның мәдениетінің, тарихының, ғылымының дамуына үлес қосуда. Тіпті қазақ-түрік достығының символы деуге де болады. Қазірде туристік деңгейді және халықаралық деңгейге көтеру үшін унтверситетке Республикамыздың тарпынан көп көңіл бөлініп отыр. Тек университеттің дамуына емес қазақ-түрік достығының нығая беруіне де назар аударылуда, — деді.
Сондай-ақ, кездесу барысында университеттің жалпы даму мәселелері, үкімет тарапынан көрсетілетін қолдаулар сынды мәлелелер талқыланды. Ал басқосу соңында оқу ордамызға келген қонақтарға естелік тартулар табысталды.

Сұрақ жолдаңыз