КІТАПХАНАМЫЗДА ТЕГІН КІТАП АЛМАСТЫРУ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті кітапханасында «Тегін кітап алмастыру алаңдары» ашылды. Буккроссинг – басқаша айтқанда, кітаптармен алмасу. Үдерістің жүзеге асу реті: сіз бұрын оқыған кітабыңызды алып, ашық буккроссинг-аймағына апарасыз. Ол аймақтағы кітап шкафының бос сөресіне оқылған кітаптарды қойып, олардың орнына басқа, сіз оқымаған кітаптарды алуға болады.
Бүгін Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті кітапханасының мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Social Development Center» қоғамдық қоры «Азаматтық бастамаларды қолдау» коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранттық қаржыландыруы аясында, республикалық буккросинг жобасы бойынша, буккросинг-аймақтың салтанатты ашылу іс-шарасы өткізілді. Шараның өтілуіне Түркістан қаласының «Жастар ресурстық орталығы» Кмм-сі мұрындық болды. Көлемді жобаны өткізудің мақсаты өте маңызды. Кітап оқуға баулу және біздің қоғамдағы «кітап алмастыру мәдениетінің» деңгейін көтеруге көмектеседі.

Кітапсүйер Түркістандық тұрғындар үшін аталған жоба аясында Түркістан қаласында 3 буккросинг-аймақ ашылды. Олар: Қ.А.Яссауи атындағы Хқту университеті кітапханасы 4 этажында , мекен-жайы: Б.Саттарханов даңғылы 29. Облыстық «Жастар ресурстық орталығы»КММ, мекен-жайы: Б.Саттарханов даңғылы 122 А, 2 этаж, relax zone бөлмесінде. «МegaCity» ойын-сауық орталығы, мекен-жайы: Сұлтан Бейбарыс көшесі н/з, 1 этажында орналасқан.

Алдағы уақытта гүлденіп жатқан Түркістанымыздың тұрғындары арасынан буккросинг мүшелерінің саны артады деген үлкен сенімдеміз!
Аталған буккросинг-аймақтардан оқырмандар кітапты алып кетпес алдын, орнына кітап қойып алмастыруын ескертеміз!

Сұрақ жолдаңыз