«ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ӘДЕБИЕТІ ТУРАЛЫ ОЙЛАР» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ОНЛАЙН-СЕМИНАР

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Түркология ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетімен «Қазіргі түркі әдебиеті туралы ойлар» атты онлайн-семинар ұйымдастырды.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Түркология ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетімен «Қазіргі түркі әдебиеті туралы ойлар» атты онлайн-семинар ұйымдастырды.

Түркологиялық маңызы бар жиын қонағы Азия және Африка елдері институтының түрік филологиясы кафедрасының меңгерушісі, профессор М.М.Репенкова. Бұған дейін «Түрік әдебиетіндегі постмодернизм», «Шығыс жазушылары — Нобель сыйлығының лауреаттары», «ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысындағы түрік әдебиеті: негізгі парадигмалар», «Газет дискурсындағы түрік тілі» сынды көлемді еңбектер авторының бүгінгі көтерген мәселесі де қазіргі түрік әдебиетін зерттеу жайы болды. Ғалым өз баяндамасында постмодернизмнің әдеби бағыт ретінде Түркияға 1980 жылдардың ортасында О.Памук, М.Мунган, Н.Эрай, Б.Карасу, П.Кюр шығармаларында бой көрсете бастағанын, бүгінгі әдеби көрінісі жайында және Түрік постмодернизмінің модификациялары туралы маңызды ойларымен бөлісті.

Баяндамашыға алғыс білдірген университетіміздің президенті Б.С.Абдрасилов алдағы уақытта Мәскеу мемлекеттік университетімен және түрколог-ғалымдармен байланысты нығайту мақсатында дәріс оқуға ұсыныс білдірді. Сондай-ақ Түркология ғылыми-зерттеу институты ғалымдарымен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырды.

Ректор өкілі профессор Женгиз Томар әлемдік түркологияның ауқымы кең болғандықтан проблемалары да өзекті болатынын тілге тиек етіп, түрік әдебиетінің алдағы даму бағыттары жайында сұрақтар қойды.


Жиын соңы университетіміздің оқу-әдістемелік ісі жөніндегі Вице-президент Ө.Умбетов, Академиялық инновация және жоғары білімнен кейінгі білім беру ісі жөніндегі вице-президент Ш.Есімова, Ғылыми-зерттеу істері жөніндегі вице-президент К.Беркимбаев және университет ғалымдары мен филология факультетінің студенттері, магистранттары мен докторанттарының түркология мен әдебиеттану саласындағы маңызды сауалдары мен пікірлеріне ұласты.

Сұрақ жолдаңыз