«МЕНІҢ ТУЫМ — МЕНІҢ ОТАНЫМ»! ПАТРИОТТЫҚ АКЦИЯСЫ

Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-нің Мәдениет орталығында «Менің Туым — Менің Отаным!» патриоттық акциясы аясында мемлекеттік тудың ілу рәсімі өтті. Акцияға 50 ге жуық жас өрен қатысты.
Ұйымдастырылған шараға «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Қалыйма Жантөреева Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің Оқу-әдістемелік істері жөніндегі вице-президенті Өмірбек Үмбетов партия филиалының қызметкерлері мен «Jas Otan» ЖҚ-ның белсенді жастары және аталған оқу орынның белсенді жастары қатысты.
Акцияның мақсаты — мемлекеттік туды насихаттау және қазақстандық жастарды патриатизімге тәрбиелеу, сондай-ақ азаматтардың мемлекеттік туды пайдалануға және орнатуға тыйым салу туралы қоғамда стеротипті жою.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Қалыйма Жантөреқызы:
— Мемлекеттік рәміздер бізді Отан тағдырындағы ең маңызды сәттерді — ұлттық мерекелерден бастап, спорттық жемістерге дейін біріктіреді. Тарихымызда мемлекеттік нышандар, еңсерілмейтін құндылықтар ретінде, халқымызды жігерлендіріп, олар үшін ұлы ерліктер жасаған, олар үшін өмірлерін құрбан еткен мысалдар аз емес. Бүгінгі жас буын біз әрқашан сіз болып, біз болып туымызды көкте желбіретуге еңбек етуіміз керек, — деді облыстағы партия төрағасының орынбасары.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ- нің Оқу-әдістемелік істері жөніндегі вице-президенті Өмірбек Үмбетұлы:
— Бүгінде Қазақстанның Көк туы астында біздің адамдар ерлік жасап, еңбек, ғылыми, мәдени және спорттық жетістіктерін көрсетеді. Біз әртүрлі салада жоғары жетістіктермен еліміздің Көк байрағын көкте желбіретіп жүрген азаматтарға алғысымызды білдіреміз. Бұл — нағыз қазақстандық патриотизм! Бүгінгі акцияның негізгі мақсаты — мемлекеттік рәміздерді насихаттау арқылы оларға құрмет көрсету, азаматтардың туған еліне деген патриоттық сезімін ояту, — деді.
Шара соңында университетіміздің Мәдениет орталығына мемлекеттік Туымыз орнатылды. Ал акцияға қатысушы жастар мен партия өкілдері естелік суреттерге түсті.

Сұрақ жолдаңыз