«ЯСАУИ ТАНУ 2019» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК және Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастыруымен оқу ордамыздың Мәдениет орталығының Үлкен залында мектеп оқушылары арасында дәстүрлі «Ясауитану — 2019» республикалық байқауы өтті. Жиырма үш жыл бойы дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан байқауға Республикамыздың әр аймағынан 40-тан астам оқушылар келіп қатысты.
Байқау- қазақ халқының рухани тұтастығын қалыптастырған Қожа Ахмет Ясауидің хихметтерін насихаттауға арналған. Өскелең ұрпақты Ұлы дала мұрасын терең меңгеріп зерттеуге ынталандыру. Кесенеде жерленген тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметін өскелең ұрпақ бойына сіңіруді мақсат тұтады. Республикалық байқауда еліміздің Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Түркістан қалаларынан жалпы 41 оқушы сайысқа түсті. Байқауға тарих ғылымдарының кандидаттары, архиолог, ғалым, Ясауи танушы және мәдениет саласының үздіктері бүгінгі бақ сынағалы отырған жас қырандарға төрелік жайды.
Қасиетті шаһарда жас жеткіншектердің басын қосып отырған байқаудың алғы сөзі «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің вице-президенті Әміреқұл Әбуовқа берілді.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Нұрболат Қадырұлы:
— Құрметті байқауға қатысушы оқушылар, жиналған қауым! Рухани астанамызда Республикалық «Ясауи тану 2019» байқауының мақсаттарының бірі Тұңғыш елбасымыз Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында көрсетілген, Ұлы даланың Ұлы есімдерін ұлықтау мақсатында жүргізіліп отыр. Сондай-ақ жас жеткіншектерді патриотизм рухында тәрбиелеу, Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың хикметтерін, мұраларын насихаттау. Бұл байқаудың тарихына көз жүргізетін болсақ, 1997 жылдан бастап бастау алған болатын. Содан бері бұл іс-шараны өткізу дәстүрге айналып келеді. Тіпті, 2016-2018 жылдары Қырғыстан, Түркия Мемлекеттерінің оқушылары да қатысқан болатын. Бүгін де еліміздің барлық өңірінің кіл мықтылары бақ сынайтын болады, — деді.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-нің вице-президенті Әміреқұл Ергешұлы:
-Өз заманында-ақ халықтың ерекше ілтипатына ие болып, «Әулиелер Сұлтаны» атанған, кейінгі ұрпақтың да руханият әлеміндегі бағдарын айқындауда жетекші рөл атқарған Қожа Ахмет Ясауи артына баға жетпес байлық, өшпес мұра қалдырып кеткені белгілі. Әулиенің ізіне ерген шәкірттері Түркістан атырабынан асып, оның ілімін төрткүл дүниеге мәшһүр етті. Мәселен, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Түркіменстан, Пәкістан, Үндістан, Сирия, Иран, Ирак, Әзірбайжан, Ресей, Украина, Қытай, Түркия, Болгария, Босния-Герцоговиня, Мысыр, Марокка мемлекеттерін атап өтуге болады. Осы байқаудан жүлделі орын алған оқушыларға көп мүмкіндіктер бар, атап айтқанда, Түркия тарапынан бөлінге 500 орын квота бойынша білім ала алады. Мен сіздерді оқу орнымызға оқуға шақырамын, — деді.
Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – «Баба мұрасы — балаға аманат» тақырыбы бойынша Қожа Ахмет Ясауидің хикметтерін жатқа айту бойынша сынға түседі. Екінші кезең – «Білім мыңды жығар алысқанда» деп аталады. Бұл кезеңде қатысушылар сұрақтарға жауап береді.
«Ясауи тану -2019 байқауының ІІ- кезениндегі сұрақтарда Ясауидің өмирбаяны мен шакирттери туралы, Түркистан қаласының тарихы, Елбасынын «Болашакка бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланын жеті қыры» мақалаларының мані мен мазмұнын қамтыды.
Байқау жеңімпаздарына қомақты қаржылай сыйлықтар және Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің гранты тағайындалған. Бас жүлдеге Түркістан обылысының қатысушысы Қосабай Алма (150мын тенге), 1 орынға Түркістан облысы Түленов Өмірзақ (100 мың теңге), 2 орынға Шымкент қаласы Аманжолова Ұлжан (75мың тенге), 2 орынға Алматы облысы Нұрмолда Медеу (50 мың теңге), 3 орын Бейбітшілік Сымбат (Қызылорда) 50мын, Нұғман Тогжан Алматы облысы (50мың теңге), 3 орын Усенбаева Дилназ Жамбыл облысы (50мың теңге) оқушылардың ұстаздарына да алғыс хаттар мен сыйлықтар тапсырылды.

Сұрақ жолдаңыз