«MISS IKTU-2019»

Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дың «Шаңырақ» студенттік клубтар басқармасы «Шолпы» қыздар клубының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Университет аруы – 2019» байқауы өтті.
Оқу Ордамызда ең сұлу, ең ақылды қыздар бақ сынасатын Мисс IKTU байқауы өтті. Байқаудың ұйымдастырушылары “Шолпы” қыздар клубы. Жалпы байқау төрт кезеңнен тұрды. Сұлулық пен әдеміліктің байқауында қыздар өз өнерлерін көрсетіп, дефиледе жүріп өтті. Ал келесі кезеңдерде қыздардың ақылдары мен қол шеберліктері сыналды. Әр кезеңде қыздарға әділ төрелігін беріп отырған қазылар алқасының құрамында Турциядан келген қонағымыз Йасин Донмез, оқу ордамыздың «Әлеуметтік қолдау және тәрбие істері» жөніндегі вице-президент Әміреқұл Ергешұлы болды.
Іс-шараның мақсаты : Студент қыздардың тәрбиелік-танымын арттыру, қыздардың ибалы, инабатты болуына септігін тигізу. Бос уақыттарын тиімді пайдалану.

Байқау шарттары бойынша қатысушылар І кезеңде: Өнер (еркін түрде өз өнерін көрсетеді, регламент 3 минут), II кезең: Интеллектуал (арулардың салт-дәстүр, университет тарихы мен Елбасымыздың жолдауы аясында білімдері сыналады), III кезең: Дефиле (қыздар кешкі сәнді көйлектерін сән шеруінде көрсетеді. Арулардың сахна мәдениеті мен өзін-өзі ұстауына да баға беріледі), VI кезең. Тосын тапсырма (Сахнада берілген тапсырманы 100% орындап шығу. Арулардың қол икемділігі бағаланады. Регламент 2 минут)
«Университет аруы – 2019» байқауына 9 факультеттен 9 ару қатысты. Атап айтқанда 1. Әмірханқызы Сымбат — Өнер факультеті, 2. Данаева Зарина Сәбитқызы – Жоғары мектеп, 3. Жақсылықова Нұрай Қалилақызы – Гуманитарлық ғылымдар факультеті, 4. Рахматулла Бибінұр – Инженерия факультеті, 5. Ораз Назым Мәлікқызы – Стоматология факультеті, 6. Мұстафина Арайлым Қашағанқызы – филология факультеті, 7. Қайып Еңлік Серікқызы – Әлеуметтік ғылымдар факультеті, 8. Мақтабай Арайлым Даниярқызы – филология факультеті, 9. Бабан Күләш Асанқызы – Жаратылыстану факультеті.
Таланты мен көркі бірінен бірі асатын қыздардың арасынан оза шығып ерекше көзге түскен аруымыз, Өнер факультетінің сұлуы, дизайн мамандығының 3-курс студенті Сымбат Әмірханқызы тәж иегері атанды. Мисс IKTU-2019 байқауында бас жүлде иегері Түркістан аруы байқауына жолдама алып, қомақты сыйлықпен марапатталды.

Сұрақ жолдаңыз