SciVal- бұл ғылымиометриялық көрсеткіштерді жақсартудың негізгі құралы

Оқу ордамыздың оқытушы-профессорлар құрамы, академиялық және ғылыми саясат бойынша құрылымдық бөлімдердің басшылары SCOPUS-та ғылыми мақалаларды ілгерілету және жариялау бойынша шеберлік сабағына қатысты. Шеберлік сабағын ELSIVER-дің Орталық Азия және Кавказ бойынша аймақтық директоры Алия Оспанова жүргізді. ELSIVER- әлемдегі ең ірі төрт баспаның бірі. Жыл сайын әлемдегі жарияланатын  ғылыми мақалалардың төрттен бірі осында басылып шығады. 

ELSIVER-дің Орталық Азия және Кавказ бойынша аймақтық директор Алия Оспанова:

-Біз, әлемдегі ең үлкен ғылыми компаниялардың біріміз. Осы жоғары деңгейдегі компанияның маманы ретінде, Сіздердің басшыларыңыз Болатбек Серікбайұлының шақыртуымен Түркістанға төртінші рет келіп отырмын. Мұнда келгеніме қуаныштымын. Бүгінгі менің басты мақсатым сіздерге мақаланы қалай жазу керек және SCOPUS-қа мақаланы қалай жіберуге болатыны жайында мағлұмат беретін боламын. Сондай-ақ, SCOPUS-қа  ғылыми мақала жариялаудың және рейтингтің бізге не үшін қажет екенімен де бөлісемін, — деді.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ- дың Оқу-әдістемелік істері жөніндегі вице-президенті Өмірбек Үмбетұлы:

— Құрметті әріптестер, Алия Оспанова бұл қалаға осымен төртінші рет өзінің дәрісін жүргізуге келіп отыр. Бүгін, міне, біздің 500- ге жуық ғалымдарымыз сіздің дәрісіңізді тыңдады. Осы мамандар сіздің арқаңызда бүгінгі алған мәліметтерден соң оқу ордамыздың өсуі мен өркендеуіне зор үлесін қосатынына сенімдіміз. Бүгінгі семинар-кеңес барлық ғалымдарымыз үшін пайдалы болады деп ойлаймын- деді.

 

Сұрақ жолдаңыз