ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚАЗАҚ ӘНҰРАНЫ ШЫРҚАЛДЫ

Қуанышты жаңалық! Нови Сад қаласында (Сербия) ауыр атлетикадан 10-жылдық мерейтойлық әлем чемпионатында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Спорт және өнер факультетінің «Денешынықтыру және спорт» мамандығының 1-курс студенті Ахмет Ерболат бақ сынады. 38 елден 540 спортшы қатысқан байрақты бәсекеде студентіміз оқ бойы озық шығып бірінші орынды иемденді. Еліміздің көк Туын аспандатып, Әнұранын шырқатқан жас қыранды жеңісімен құттықтап, оқу ордамыздың мақтанышы бола беруіне тілектеспіз!

Сұрақ жолдаңыз