Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
 «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ: ҰЛТТЫҚ ТАРИХ ДӘУРЕНІ (ҰЛЫ ДАЛА ХАЛҚЫНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ)»
халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының

АҚПАРАТТЫҚ ХАТЫ

Қ Ұ Р М Е Т Т І  Ә Р І П Т Е С Т Е Р !

Өткен жылы тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарық көрді. Бұл ұлттық болмыстық сілкіну мақсатын көздейтін мақала ретінде кезекті бағдарламалық «Рухани жаңғыру» жобасының жалғасы іспетті маңызға ие болды. Себебі бұл мақала қордаланған тарихи санамыздағы, ұлттық болмысымыздағы, рухани құндылықтық қабаттардағы семіп бара жатқан тамырларға қайта қан жүгірткен, рухани леп берген ұлы мұраттарға иек артқан үндеу десе де болғандай.

Осы бастамаға үн қосу мақсатында 20-21 қараша 2019 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университетінде ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу жоспарланып отыр.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ: ҰЛТТЫҚ ТАРИХ ДӘУРЕНІ (ҰЛЫ ДАЛА ХАЛҚЫНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ)» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысуға шақырады….

Напишите свой вопрос

 

×