ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Университеттің Медицина факультеті және Экономика жоғары мектебінің студенттерінен құралған Enactus құрамасының жобасы 2019 жылдың 7-8 қараша күндері Алматы қаласында Enactus Kazakhstan Ұлттық кеңсесінің ұйымдастыруымен өткен «ENACTUS KAZ FEST» Инновациялық идеялардың фестиваль-көрмесінде «Инновационная идея с лучшей презентацией» номинациясы бойынша жүлдегер атанды. Көрмеде университетіміздің Медицина факультетінің студенттері ойлап тапқан ENDO-FOLD тренажеры көпшілік назарына ұсынылды. ENDO-FOLD қазіргі заманғы хирургияға арналған хирургиялық дағдыларды машықтандыруға арналған мобильді және портативті медициналық құрылғы. Студенттердің өнертабысы көрмеге қатысушылардың қызығушылығына ие болды және университеттермен серіктестіктер орнатылды.
EnactusKazFest — бұл инновациялық идеялардың дамуына үлес қосатын жастар мен бизнес-тәлімгерлердің ынтымақтастық алаңы. Мақсаттары:
— Кәсіпкерлік ойлау қабілетi мен дағдыларды популяризациялау және дамыту.
— кәсіпкерлік белсенділіктің дамуына жәрдемдесу.
— Жастарды инновациялар арқылы қала, бизнес және қоғам мәселелерін шешуге шақыру.
— Жастардың жетілуі үшін жағдай жасауды көздейді.
Студенттеріміздің Enactus Kazakhstan Ұлттық кеңсесінің ұйымдастыруымен өткізілетін іс-шараларға деген қызығушылығы арта түсті. Университетіміздің Enactus құрамасын жеңісімен құттықтай отырып, алдағы ұлттық кубокте сәттіліктер тілейміз.