ОБЛЫСТЫҚ «ТУҒАН ЕЛІМ- АЛТЫН БЕСІГІМ» АТТЫ ЖАС СУРЕТШІЛЕР БАЙҚАУЫ

Қарашаның 15-ші жұлдызы күні Түркістан қаласында облыстық
Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Туған елім- Алтын бесігім» атты жас суретшілер байқауы өтті. Бұл өнер сайысына университетіміздің студенттері де қатысты. Өнер факультетінің білімгерлері топ жарып, жүлделі орындарға ие болды:
Бас жүлдені «Бейнелеу өнері» мамандығының 4-курс студенті Тажиметова Шахнура, 1-орынды 3-курс студенті Шәміл Бексултан, 2-орынды Қабыл Тілеужан иеленді.
Студенттердің жетекшілері: кафедра меңгерушісі п.ғ.к., доцент Ж.Ж.Бейсенбеков, п.ғ.д., профессор Қ.Е.Ералин, аға оқытушы Г.Д.Абдуллаева, аға оқытушы М.Б.Шаханбаев.