АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАР ПЫСЫҚТАЛЫП, ЖОСПАРЛАР НАҚТЫЛАНДЫ

Бүгін университетімізде 2019-2020 оқу жылындағы №1 Кеңейтілген Басқару Кеңесінің отырысы өтті. Оған Басқару Кеңесінің мүшелері, Ғылыми зерттеу институттарының басшылары және басқарма, департамент директорлары қатысты.
Басқару Кеңесінің отырысында:
1.2019-2020 оқу жылындағы қысқа сессияға дайындық жұмыстары;
2.Университеттің 2020 жылға арналған негізгі іс-шаралар жоспары туралы;
3. Университет балансындағы жылжитын және жылжымайтын мүліктер мәселесі;
4. Түркология ғылыми-зерттеу институтының жұмыстарын дамыту мәселелері;
5. Қарашаның 7 күні өтетін №4 кезекті сенат мәжілісіне дайындық мәселесі;
6. Өкілетті кеңестің 62-ші рет өткелі отырған мәжілісіне дайындық мәселелері қаралды. Осы мәселелер төңірегінде сала басшылары жүргізіліп жатқан жұмыстардың есептерін берді. Университетіміздің ректоры Б.С.Абдрасилов атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтап, нақты тапсырмалар берді.