Болат­бек Аб­­дра­си­­лов, ХҚТУ-дың ректоры: Білікті маман – ұлт тірегі

Газет мақаласы «Айқын» газеті №157

Білім беру сапасы мен ғы­лы­ми-зерттеу жұмыстарының дең­гейі мемлекеттің дамуына және ұлттың бәсекеге қабілетті­лі­гіне әсер ететін негізгі фактор­лар­дың бірі екені белгілі

– Болатбек Серікбайұлы, әлем­нің 15 мемлекетінен арнайы кел­ген делегаттар III Орта азия­лық ха­лықа­­ра­лық форумға қандай мақ­сат­пен жиналды және онда қандай мәселелер көтерілді.

– Форумға Сена­т депутаты Бақытжан Жұмағұлов, Білім және ғылым вице-министрі Ш.Кари­но­ва, Қа­зақ­стан, Қырғыз­стан, Тәжік­стан, Өзбекстан, Ресей Білім және ғылым министрлік­тері­нің өкіл­дері, жоғары білім сапасын қам­та­­масыз етудің халықаралық және еуропалық желілерінің, шетелдік аккредиттеу орган­дары­ның, шетелдік білім беру ұйым­дарының (Бельгия, Вен­грия, Германия, Нидерланды, Түркия, Ресей т.б.), қазақстандағы ұлттық және басқа оқу орындары­ның ректорлары қатысты.

Форумның негізгі мақсаты – білім сапасын қамтамасыз ету және білім сапасын бағалауда халықаралық аккредиттеудің рөлін арттыру. Сонымен қатар универси­теттердің академиялық еркіндігін және басқарушылық дербестігін кеңейту, сапа мәде­ние­тін қалып­тас­тыру. Басқосуда оқу бағдар­ламалары мен білім алу­­шыларды халықаралық стан­дарт­тар бойын­ша даярлау мәсе­ле­сі қозғалды. Екі күнге жалғас­қан жиын барысында талқыға салын­ған проблемалар мен ай­тыл­ған маңызды ұсыныстар жо­ға­ры білім саласын дамытуға оң үлесін қоса­ры сөзсіз.

– Білім сапасының шартары бойынша шетелдік тәжірибелерге мысал келтіре кетсеңіз?

– Білім беру сапасы мен ғы­лы­ми-зерттеу жұмыстарының дең­гейі мемлекеттің дамуына және ұлттың бәсекеге қабілетті­лі­гіне әсер ететін негізгі фактор­лар­дың бірі екені белгілі.

Қазіргі таңда әлемнің барлық елі университеттерін дамыту, кадр даярлау жүйесін жетілдіру мәсе­ле­лерімен айналысуда. Қытайды мысалға алсақ, 1995 жылдан бас­тап университеттерді дамыту бо­йын­ша бірқатар жоба іске асыры­лып, соңғы 10 жыл ішінде уни­вер­си­теттері әлемдегі ең үздік рей­тинг­терде алғашқы орындарға суы­­рылып шықты. Мысалы, QS рейтингі бойынша 10 жыл бұрын 100 үздік қатарында 2 университет болса, биылғы жылы 6 оқу орны­на жетіп отыр.

Дәл солай Ресейде 2013 жылдан бері әлемдік деңгейдегі универ­си­теттерді құру бойынша жоба сәтті жүзеге асы­ры­лып, олардың уни­вер­ситет­тері әлемдік рейтингтерде тұрақты өсім көрсетіп отыр.

2017 жылы Түркия үкіметі уни­верситеттердегі инновация­лық ғылымды дамыту мақсатында 10 жетекші университетті қолдау жо­басын бастады. Санаулы жыл­дар ішінде Түркия университеттері айтарлықтай жетістіктерге жетке­нін байқауға болады.

– Қазір Қазақстандағы ЖОО-ларда кездесетін негізгі пробле­малар қандай деп ойлайсыз?

– Дүниежүзіне белгілі білім саласының сарапшысы Роналд Барнетт университеттерді келесі сипаттар бойынша топтастырады: университет 1.0 – білім беретін, университет 2.0 – білім беретін және ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізетін, университет 3.0 – білім беру, ғылыми зерттеу және инно­вацияны өндіріске жеткізе­тін университет. Ал жаңа буын­дағы 4.0 университетінің қызметі – білім беру, ғылыми-зерттеу, зерт­теу нәти­­желерін коммерциа­ли­зация­лау және қоғам мәсе­ле­леріне ше­шім табу. Дүние­жүзін­дегі жетек­ші университеттерді 4.0 класына жат­қызуға болады.

Бүгін Қазақстанда әртүрлі меншік нысаны бар 131 жоғары оқу орны қызмет көрсетеді. Біздің ойымызша отандық универ­си­тет­тер­дің басым көпшілігі 2.0 кла­сына тиесілі, ал 3.0 класына жата­тын санаулы ғана оқу орны бар. Сол себептен халықаралық рей­тинг­­тердегі отандық универ­си­тет­тер­дің алатын орны да көңіл толар­лық­тай емес. QS рейтингі тізіміне біздің тек 10 универ­ситет қана енген. Алайда соңғы үш жыл ішін­де бұл университет­тердің басым бөлігі өзінің пози­ция­сын әлсіретіп алды.

– Ендеше, еліміздің ЖОО-ын әлем­дік деңгейге көтеруге не кедергі деп ойлайсыз?

– Негізгі жүйелік мәселелердің бірі – университеттерді қаржы­лан­ды­рудың төмен деңгейі. Жалпы, бізде материалдық-техни­калық базаны, оқу зертха­наларын және инфра­құрылымды дамытуға мем­лекет тарапынан бөлінетін мақ­сатты қаржы жоқ. Ғимарат­тар­ды, құрылыстарды, жатақхана­лар­ды күтіп ұстау қаржылық шығындарды талап етеді. Сонымен қатар оқу-зерт­ха­налық жабдықтар да жаңар­ты­­лып тұруы қажет. Негізі­нен, уни­­вер­си­теттердің бюд­жеті сту­дент­­­тер­дің мемлекеттік грантынан және ақылы негіздегі оқудан түс­кен қаражат есебінен қалып­та­сады. Сондықтан біздің универси­тет­­тер­дің жылдық бюд­жеті шетел­дік универси­тет­термен салыстыр­ған­­да әлдеқайда аз.

Университеттер бюджетінің шамамен 70%-ы еңбекақы төлеу­г­е жұмсалатынына қарамас­тан, оқытушылардың орташа жалақы­сы басқа елдермен салыстырғанда айтарлықтай төмен. Нәтижесінде, жалақының төмендігі отандық не шетелдік жоғары білікті оқыту­шы­ларды біздің университеттерде жұмыс жасауға ынталандыр­майды.

Тағы да бір маңызды мәселе­лердің бірі – ғылыми зерттеу жұ­мыстарын қаржыландыру дең­гейінің төмен болуы. Универ­ситет­тер­дің тек ғылыми-зерттеу жұмыс­та­рына жұмсайтын қар­жы­лық ресурстарының үлесі: жалпы бюд­жет­т­ің 1-5% шама­сын­да. Бұл, әрине, төмен көрсет­кіш.

Тағы бір мәселе – барлық университетте орын алатын жағ­дай жаңа толқынның ескі буынды алмастыруы. Босаған жұмыс орын­дарын дер кезінде тәжірбие­лі, ғылыми атағы және дәрежесі бар мамандармен толықтырал­майды.

– Сөз арасында мамандарға, яғни кадр мәселесіне қатысты пікі­ріңізді айтып қалдыңыз. Сонда бұл мамандар жетіспеушілігі ме немесе олардың біліктілігі талапқа сай емес пе? Олай болса тығырық­тан шығу үшін қандай ұсыныстарды атар едіңіз?

– Біздің университеттердегі кадр дайындау сапасының тиісті дәрежеде болмауы – білім беру бағдарламалары мазмұнының заманауи талаптарға жеткілікті деңгейде сай келмеуі. Қазір түлек­тердің еңбек нарығында сұраныс­қа ие болуы үшін, біздер студент­тер­ге тек білім беріп қана қоймай, сонымен қатар кәсіби қарым-қатынас дағдысын, шығармашы­лық ойлау қабілетін, сыни ойлау деңгейін арттырып, шешім қа­был­­дауға және өзін-өзі дамы­туға үйрету қажет.

Менің ойымша, біздің уни­вер­ситеттерге жоғары білікті ма­ман­дарды тарту үшін жалақы дең­гейін көтеру керек. Бұл мәсе­лені шеші­міне білім беру грант­тарының санын азайтып, құнын арттыру арқылы қол жеткізуге болады.

Гранттарды бөлудің қазіргі үлгісі бойынша абитуриентке бел­гілі бір университетті таңдау мүм­­кіндігі қарастырылған. Ал грант иегерлерінің көпшілігі Нұр-­Сұл­тан және Алматыда орна­­­ласқан университеттерді таңдайды. Алай­да бұл универ­ситеттер барлық талап­­кердің оқуға қабылдануын қам­тамасыз ете алмайды. БҒМ грант бөлу жүйе­сінде университет қабылдай алатын студенттердің санын ескере отырып, грант иегер­лерін қа­былдау жүйесін өзгертуді ұсына­мыз.

– Мемлекет басшысы осы жыл­дың шілде айында 20 озық жоғары оқу орны құрылатындығы туралы жариялады. Бұл туралы не айтасыз?

– Жақында Қазақстан хал­қы­на Жолдауында Мемлекет бас­шы­сы Қ.Тоқаев «Қуатты өңір – қуатты ел» ұранымен өңірлерді дамыту қажеттігін атап өтті.

Осы орайда біздің жоғары оқу орын­дарымыз аймақтардың әлеу­меттік-экономикалық да­муын­­да маңызды рөл атқаруы ке­рек. Бірін­ші­ден, университет­тер – бұл эко­но­­мика мен әлеу­мет­тік салалардың барлығы үшін кадр даярлайтын не­гізгі орта. Екіншіден, универси­тет­­те жасал­ған ғылым мен инно­ва­ция аймақ­тың инновация­лық әлеуетін арт­тырады. Университет­тер ғы­лым мен білімді дамыту орта­­лық­та­ры ғана емес, сонымен бірге жаңа идеялар пайда болатын және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешетін интеллек­туал­­ды орталықтар болуы керек. Сон­дықтан күшті аймақтарды қа­лып­тастыру шарттарының бірі – өңірлерде мықты универси­тет­т­ер құру.

– Болатбек Серікбайұлы, сіз соң­ғы 20 жыл бойы Білім және ғы­лым министрлігінде, мемлекеттік бас­қару салаларында жауапты лауа­­зымды қызметтерде жұмыс істедіңіз. 2018 жылы маусым айында Қожа Ахмет Ясауи атын­дағы халықаралық қазақ-түрік уни­верситетіне ректор болып та­ға­йын­далдыңыз. Сіздің ойыңыз­ша, осы университеттің қазақ-тү­рік досты­ғын дамытудағы маңы­зы мен Қазақ­стандағы білім жүйесін дамы­ту­дағы рөлі қандай?

– Иә, дұрыс, өткен жылы Елбасымыз Н.Назарбаевтың қол­дауымен ХҚТУ-ға ректор бо­лып тағайындалдым. Көпшілік жақсы біледі ХҚТУ 1992 жыл Елбасы­мыз­дың бастамасымен сол кездегі Түркия Премьер-министрі – С.Демирелдің қолдауымен ха­лықа­­ралық келісім арқылы құ­рыл­ған. Екі бауырлас елдің бас­шы­­лары­ның Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықара­лық қазақ-түрік уни­вер­ситетін түркі әлемнің рухани астанасы – Түркістанда құруы тарихи оқиға, саяси кемең­герлік, аталарға тағзым деп баға­лауға болады. Ал менің ойымша, оқу ордамыз – қазақ-түрік досты­ғы­­­ның символы.

Университет құрылған уақыт­тан бері заманауи кампус қалып­тасып, инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғасып жатыр. Уни­верситеттің дамуы әрдайым екі елдің басшыларының наза­рын­да. Қазіргі кезде оқу орда­мызд­а 10 мыңнан астам білім алушы бар. Атап айтқанда, 19 елдің 40 ұлтының өкілдері бака­ла­вриат, магистрату­ра, резиден­тура және докторантура білім беру бағдарламалары бойын­ша 11 факультетте білім алуда. Уни­вер­си­тетте бір мыңнан астам оқыту­шы-профессор құрамы жұ­мыс істесе, олардың 5% – Түркия­дан келген оқытушылар. Жалпы, ғылы­ми дәрежелілік 45% құрай­ды. Сонымен қатар 6 ғылыми-зерттеу инс­титуты, 4 ғылыми журнал жа­рық көреді.

– Сіз ХҚТУ-да ректор ретінде бір жыл жұмыс істедіңіз. Осы бір жыл ішінде университетті дамытуға бағытталған негізгі жұмыстарды атап өтсеңіз?

– Өткен жылдан бастап уни­вер­ситет барлық бағыт бойынша іс-шараларды толық көлемде мо­дер­ни­зациялауды бастады. Универ­си­тетті 2023 жылға дейін дамы­тудың жаңа Стратегиясы жаса­лып, ХҚТУ-дың Үкімета­ра­лық өкілетті кеңесі тарапынан қа­был­данды. Соның аясында 2018-2019 оқу жы­лында барлық про­цесті жан-жақ­ты қайта құру жүзе­ге асырыл­ды.

Білім беру бағдарламаларына Fintech, Big Data, Artificial Intelligence (жасан­ды интеллект), Blockchain, Cybersecurity (киберқауіп­сіз­дік), Data mining (деректерді терең талдау) секілді жаңа эле­мент­тер енгізіле отырып, IT және экономикалық мамандықтар бо­йын­ша толық, ал басқа маман­дық­тар шамамен 30%-ға жаңартылады. Назарбаев университетінің тәжі­ри­бесі не­гізін­де Мемлекеттік бас­қа­ру және экономика жоғары мекте­бі құрыл­ды.

Университетте төрт тілде (қа­зақ, түрік, ағылшын және орыс) білім беруді дамыту мақсатында Тіл үйрету орталығы құрылды.

Бүгін алдыңғы қатарлы уни­вер­ситеттер құру міндеті түркі әле­мінің барлық елінің күн тәрті­бінде. Бұл тақырып жақында уни­верситетімізде өткен Түркі уни­верситеттері одағының кезек­ті жиынында талқыланды. Фо­рум­ға Әзірбайжан, Қазақстан, Қыр­ғыз­стан, Түркия, сонымен қатар Венг­рия мен Өзбекстанның 23 жо­ғары оқу орындарының бас­шы­лары қатысты. Талқылау нәтижесінде түркі әлемі универ­си­теттерін халықаралық рейтинг­те бірлесіп алға жылжыту үшін ортақ ғылыми және білім беру кеңістігін құруды қолдады.

Жұмыс берушілермен өзара қарым-қатынасты нығайтудың арқасында түлектерді жұмысқа орналастырудағы жағдай айтар­лықтай жетілдіріліп, жұмысқа орналасу деңгейі 76% жеткізілді.

Әкімшілік-басқару қызмет­кер­лерінің саны екі есеге қысқа­рып, коммуналдық шығындар 40%-ға төмендеді, үнемделген қара­жат материалдық-техни­калық базаны дамытуға және оқу-зертханалық жабдықтарды 30%-ға жаңартуға мүмкіндік берді, 5 студенттік жатақхана жөн­деуден өткізілді. Университет стратегиясында кадрлардың біліктілігін жетілдіру мәселелеріне көп көңіл бөлінген. Қызметкерлердің кәсіби құзырет­тіліктерін үздіксіз дамыту мақса­тында халықаралық және отан­дық тәжірибе негізіндегі фаси­литация, модерация, коучинг, тренинг, кейс-стади, brainstorming және т.б. әдістерін қолданатын арнайы бағдарламасы іске қо­сылды.

– Сіздің ойыңызша универ­си­теттердің серпілісті дамуы үшін не қажет?

– Университетті әлемдік дең­гейге жеткізудің негізгі бағыт­та­ры­ның бірі ғылым мен иннова­ция­ны дамыту болуы керек. Же­тек­­ші елдердің тәжірибесі көр­­­сет­кендей, инновациялық ин­фра­­­­құрылым­ның толық цик­лын құру қазіргі ғылым мен инно­вацияның дамуы­на айтар­лықтай әсер етеді. Бұл – 3.0 университетін құру­дың басты көрсеткіші. Осы­ған орай 2018 жылдың маусы­мын­да Техно­ло­­гияларды коммер­ция­лан­дыру (трансферті) офисін аштық. Нәти­­жесінде, оқытушы­лар мен сту­денттердің ғылыми бел­­сен­ді­лі­гі артты. Уни­вер­сите­ті­міз ғы­лы­ми жұмыс­тар­дың нәти­же­­­ле­рін ком­мерция­лан­дыру бо­йын­­ша төрт грант және Дүние­жү­зі­лік банк­­тің 130 оқыту­шы­ны ағыл­­шын тіліне оқыту гран­тын ие­лен­ді. Сондай-ақ биыл 30-ға жуық ғылыми жоба Түр­кияның қара­жа­ты есе­бі­нен қаржыланды­ры­­ла­тын бола­ды.

Ғалымдардың жарияланым­дық белсенділігі едәуір артып, халықаралық Scopus базасындағы мақалалар саны 30%-ға артып, 600 мақалаға жетті. Scopus базасына тіркелген Bilig ғылыми журналы жарық көреді. Жалпы, бір жыл ішінде ғылыми-зерттеу жұмыс­тарын қаржыландырудың универ­ситет бюджетіндегі үлесі 2%-дан 8%-ға дейін артты.

Ғылымның және иннова­ция­лық инфрақұрылымның то­лық циклі дамуының келесі кезеңі – ғылыми технопарк құру. Бұл тұр­ғыда, Түркияның жетекші уни­верситеттеріне қарасты техно­парктердің сәтті тәжірибе­сін атап өту қажет. Университетте түркия­лық тәжірибеге негізделе отырып технопарк құру жұмыстары жүргізілуде.

Жалпылай алғанда, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықа­ралық қазақ-түрік университе­тіндегі бұл өзгерістер алдыңғы қатардағы университет болуға бағытталған іс-шаралар. Менің ойымша, ХҚТУ-дың қарқынмен жүргізіп жатқан күрделі транс­фор­мация тәжірибесін еліміздің барлық университетін дамытуға қолдануға болады.

– Әңгімеңізге рақмет!

 

Сұхбаттасқан
Тельман БЕЙСЕН