«ӘЛЕМ ЗЕРТХАНАЛАРЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМА» БАЙҚАУЫ

Академик Ш. Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры бакалавриат, магистратура студенттеріне және жұмыс істеп жатқан ғылыми қызметкерлерге халықаралық зертханаларда ғылыми тағылымдамадан өту үшін 17 грант конкурсын жариялайды.
ЕГЕР СЕН:
• ҚР азаматы болсаң;
• Қазақстандық жоғарыоқу орнының студенті немесе жұмыс істепжатқан ғылыми қызметкер болсаң;
• Мамандығың – жаратылыстану ғылымы немесе техникалық болса;
• Жетекші шетелдік жоғары оқу орындарына PhD бағдарламасына оқуғатүскің келсе;
• Қазақстанда жұмыс істеуге және ғылымды дамытуға ниетің бар болса.
Онда сенің ГРАНТТЫ ҰТЫП, 2020 ЖЫЛ ЖАЗЫНДА ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАҒА БАРУҒА МҮМКІНДІГІҢ БАР!
Бұл үшін 4.11 бастап 09.12.2019ж. дейін қор сайтында өтінімді толтыру және оны келесі құжаттар пакетін ұсыну қажет:
Міндетті құжаттар:
• Жеке куәлік сканы;
• Эссе “Менің тағылымдамам: тағылымдама барысында мен не істеймін, ғылымда немен айналысамын»;
• Транскрипт (барлық оқу семестрдері);
• Бакалавриатты бітіргені туралы диплом (магистранттар мен ғылымиқызметкерлерүшін) немесе соңғы оқу орнынан диплом – 1 құжаттан артық емес;
• Түйіндеме.
Қосымша құжаттар:
• Ғылыми сертификаттар – 3 сертификаттан артық емес;
• Әлеуметтік белсенділік және волонтерлық сертификаттары-2 сертификаттан артық емес
• Жарияланымдар – 2 жарияланымнан артық емес;
• Ғылыми жетекшіден/ректордан/проректордан ұсыным хат – 1 құжаттан артық емес.
Бағдарламада жалпы саны 17 грант қарастырылған:
• 10 грант бакалавриаттың 2-3 курс студенттеріне;
• 7 грант бакалавриаттың соңғы курс, магистратураның 1-2 курс студенттеріне және жұмыс істепжүрген ғылыми қызметкерлерге.
Толық мәлімет үшін:

«Әлем зертханаларындағы ғылыми тағылымдама» бағдарламасы – 2020


Коммерциализациялау офисі
Тел: 872533-6 -36-36, 1919