Мұрағат — мемлекет өркениеттілігінің деңгейі

       Университетімізде Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатының директорының орынбасары Әлия Құсайынқызы Мұстафинамен кездесу өтті. Жиынға университетіміздің оқытушы-профессор құрамы , докторанттар мен магистранттар, студенттер қатысты. Кездесудің мақсаты – студенттерге заман талабына сай сандық технология арқылы мұрағат құжаттарымен жұмыс жүргізу жөнінде жан-жақты мәлімет беру. Қазақстандағы ақпараттарды мұрағатта сақтаудың маңыздылығын жастарға түсіндіру.
Жиында Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатының директорының орынбасары Әлия Құсайынқызы Мұстафина «Сандық өзгеріс кезеңіндегі Қазақстан мұрағаты» тақырыбында баяндама жасады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Мұрағаты — қоғамның рухани, мәдени, ғылыми, әлеуметтік — құқықтық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында Қазақстан халқының тарихи-мәдени құжаттық мұраларын сақтайтын мұрағаттар, мемлекеттіліктің нысандарын бірі болып табылады.
Мемлекеттің өркениеттілігінің деңгейі халықтың естелік құжаттарын сақтаушы мұрағаттарға деген көзғараспен бағаланады.
Мұрағатқа заманымыздың тарихи деректері мен уақытын білу, зерттеу үшін ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысатын ізденушілердің жүгінетінін айта келіп, заман талабына сай құжаттармен жұмыс жүргізудің жаңа әдіс-тәсілдерімен таныстырды. Мұрағат сандық технологияның дамыған кезеңінде көлемі үлкен құжаттарды жүргізудің әдіс-тәсілдерін түсіндірді. Құжаттар электронды түрде сақталады. Мемлекетіміздегі жүзеге асырылып жатқан барлық бағдарламалардың құжаттары , экономиканың барлық саласында сандық технологиялардың көмегімен сақталады. Электронды жүйедегі құжаттардың түсінікті, жеңіл, әрі қолайлылығын атап өтті.
Жиында студенттер тарапынан мұрағат құжаттарына қатысты сұрақтар қойылып, пікір алмасты.