Qorgau аясында заңгерлік кеңес берілді

Қазақстанда азаматтар құқығын қорғау үшін тегін әрі қолжетімді инфрақұрылымды құруға бағытталған Qorgau жобасы 1 тамыздан бастап барлық қала және аудан орталықтарында заң кеңесі бөлімдері ашылып, жұмысын атқарып жатыр. Жобаның мақсаты – өмірлік қиын жағдайда қалған тұрғындардың құқықтық білім деңгейін көтеру.
Аталмыш жоба аясында оқу орнымызда Құқықтану кафедрасы мен «Әділет» студенттер клубының ұйымдастыруымен суденттер мен қызметкерлерге тегін заңгерлік кеңестер берілді. Іс-шараның координаторы, адвокаттар алқасының мүшесі, адвокат-оқытушы Гүлшат Көшербаева.
— Университетте оқытушылық еткеніме 21 жыл болды. Сонымен қатар 2011 жылдан бастап адвокаттық қызметті қатар алып келемін. Студенттерді теориялық, практикалық, дуальдық жүйе бойынша азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істерге және осындай жобаларға қатыстырып жүрмін — дейді Гүлшат Нұрлыбекқызы.
Оқу ордамыздың қызметкерлері мен студенттері өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша тегін заңгерлік кеңес алды. Бұл шара әлі жалғасуда. Qorgau.kz сайтынан мәліметтер алуларыңызға болады
Заңгерлік кеңес алу үшін, Құқықтану кафедрасына немесе Гүлшат Көшербаеваның 8-702-613-76-16 ватсабына жазып қалдырсаңыздар болады