Шәкіртіміз-жүлдегер!

Белбеу күресінен 2019 жылдың қараша айының 27-29 жұлдыздары аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге 30 мемлекеттен 300-ге жуық спортшылар қатысты. Оқу ордамыздың «Спорт және өнер» факультеті Денешынықтыру және спорт мамандығының 3-курс студенті Нәбира Сламбекова 66 кг салмақта ІІ орын иеленді.
Спортшыларымызды Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, профессор, оқу-сауықтыру бөлімінің аға бапкері Әбдісадық Халилаев баптаған.
Жүлдегер студентімізді жеңісімен құттықтаймыз!