Студенттеріміз — Жеңімпаз!

Желтоқсан айының 2- жұлдызында Павлодар қаласында Еркін күрестен ҚР Кубогы жолында және Ұлттық құрама командасын жасақтап, 2020 жылғы Азия чемпионатына іріктеу мақсатында және ҚРЕСЖ п.ғ.д профессор Жанат Усинді еске алуға арналған жарыс өтті. Еліміздің барлық облыс және Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан 200-ге жуық палуандар қатысып, Ясауи университетiнің студенттерi 61кг салмақтағы Абдуәлиев Нұрболат пен 79 кг Өсербаев Ғалымжан чемпион атанды. Жеңімпаздар 2020 жылғы ақпан айында өтетін Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын болады. 65 кг салмақта Рифат Сайбатталов II орын, 74 кг Есенғали Дархан, 97 кг Ташбол Мәулітхандар III орын жүлдегер атанып ұлттық құрама сапына кірді.
1 желтоксан күнi Нұр-Сұлтан каласында ҚР Тұңғыш Президентi күніне арналған Самбо күресiнен Халықаралық жарыста Дене шыныктыру және спорт мамандығының 4- курс студенті Ибрагим Бағлан 52 салмақта және 1-курс студенті Нариманов Жасұлан 62 салмақта чемпион атанды. Спортшыларымыздың байрақты бәсекелерде жеңіс тұғырынан көріне беруіне тілектеспіз!