Жас журналистер — спартакиадада!

Шымкент қаласында «1 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне» арналған Байланыс және ақпарат қызметкерлері арасында спартакиада өтті. Спорттық бәсекеге 12 бұқаралық ақпарат құралдары командаларымен қатар биыл бірінші рет Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Журналистика бөлімінің командасы да мини-футбол және волейбол ойындары бойынша қатысты. Тартысты өткен бәсекеде журналист-студенттер командасы шебер ойын өрнегін көрсетіп, «Ең белсенді команда» және «Ең мерген ойыншы» номинацияларымен марапатталды.