Кезекті Сенат мәжілісі өтті

Бүгін университетімізде 4-Сенат мәжілісі өтті. Оған Сенат мүшелері, кафедра меңгерушілері және барлық құрылымдқ басшылар қатысты. Күн тәртібінде 5 мәселе қаралды.

Жиында күн тәртібінде бекітілген мәселелер бойынша баяндамалар оқылып, олар талқыланды және ұсыныстар айтылды. Атап айтқанда, 2019-2020 оқу жылындағы Тіл үйрету орталығы мен білім беру бағдарламаларының қажеттіліктеріне орай оқулықтар мен ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз ету туралы, 2019-2020 оқу жылында бакалавриат бағдарламасы бойынша мемлекеттік емтихандар мен магистратура, докторантураның кешенді емтихан бағдарламаларын бекіту, Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ішкі кәсіби рейтинг ережесін бекіту және әртүрлі мәселелер қаралды. Сондай-ақ, әртүрлі мәселелер бойынша оқытушы-профессорлар құрамының дайындаған оқу құралдары мен монографияларын бекітіп, баспаға ұсыну, Университет Ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және бекіту жөніндегі мәселелер қамтылды. Сала басшылары жүргізіліп жатқан жұмыстардың есептерін берді. Сенатқа қатысқан оқытушы-профессорлар құрамы тарапынан айтылған ұсыныстар мен пікірлер назарға алынды. Университетіміздің ректоры Б.С.Абдрасилов атқарылып жатқан жұмыстар бойынша нақты тапсырмалар берді.