Студенттердің XХVІІІ ғылыми-теориялық конференциясы қорытындыланды.

Университетімізде Студенттердің XХVІІІ ғылыми-теориялық конференциясы өз мәресіне жетті. Конференция 25 қарашада басталған болатын. Конференция бағдарламасына сәйкес 30 секция жұмыс жүргізді.Бұл секцияларда 1100 студент баяндама жасады.
Студенттердің жақсы деңгейде орындалған жұмыстары, секцияларда арнайы бұйрықпен құрылған комиссия құрамында талданды, талқыланды.
Университетіміздің І вице-президент, профессор Женгиз Томар: Құрметті оқытушылар, студенттер! Бүгін маңызды күн деп есептеймін. Өйткені, сіздер сабақ оқып қана қоймай, оқытушыларыңызбен бірлесіп ғылыми жұмыспен айналыстыңыздар. Бүгінгі конференцияда дайындаған жұмыстарыңыз ғылым жолындағы алғашқы қадамдарыңыз деп білемін. Сіздердің ғылым әлемінде жарқын жетістікке жетулеріңіз біз үшін мақтаныш! Алдағы уақытта да ғылым әлемінде биік белестерден көрінесіздер деп сенім артамын. Сіздерді бүгінгі марапаттарыңызбен құттықтаймын!-деп тілегін жеткізді.
Университетіміздің Оқу –әдістемелік істері жөніндегі вице-президенті Өмірбек Үмбетұлы бүгінгі студенттердің XХVІІІ ғылыми-теориялық конференциясының жұмысына өз бағасын берді. Жастар қоғамның жігерлі де білімді тобы екенін, ғылымда болып жатқан өзгерістерді жылдам қабылдап, жүзеге асыруға ұмтылу қажеттігін айтты. Ғылымдағы ізденістер мен ойларды ортаға салып, жаңа идеяларды ортаға салу үлкен жетік екендігін жеткізді.
Студенттердің XХVІІІ ғылыми-теориялық конференциясының нәтижесінде: І-дәрежелі дипломмен — 30 студент, ІІ-дәрежелі дипломмен 60 студент, ІІІ-дәрежелі дипломмен — 87 студент марапатталды. Пленарлық мәжілісте баяндама жасаған студенттер университет президентінің алғыс хатымен және Студенттердің XХVІІІ ғылыми-теориялық конференциясында І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарға ие болған студенттер университет президентінің арнайы бұйрығымен марапатталды. Сонымен қатар, 2019 жылдың қараша айында Алматы қаласында Enactus Kazakhstan Ұлттық кеңсесінің ұйымдастыруымен өткен «ENACTUS KAZ FEST» инновациялық идеялардың фестиваль-көрмесінде «Инновационный проект с лучшей презентацией» номинациясы бойынша жүлдегер атанған Медицина факультеті мен Экономика жоғары мектебінің студенттерінен құралған «Enactus МКТУ» құрамасы да Махмутов Тимур, Алимова Ақерке, Аманжолова Дана, Абишева Альмира, Шамсудин Қанат марапатталды. Студенттеріміздің ғылыми шығармашылық ізденістері шыңдала берсін! Марапаттары құтты болсын!