Әріптестеріміз жүлдегер атанды!

Оқу ордамыздың мәдениет орталығында желтоқсан айының 5-6 күндері Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен Мәдениет басқармасы ұйымдастырған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Сәлем саған, Түркістан» өнер фестивалінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Бұл ауқымды шараның мақсаты — облыстың имиджі мен туристік әлеуетін арттыру, түркі әлемінің орталығы болған Түркістан қаласының дамуына үлес қосу, мәдениет пен өнердің халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету, өнерлі жастарға қолдау көрсету.
Фестиваль аясында балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын арттыру, оларға қолдау көрсету мақсатында классикалық ән орындаушылар байқауы, балаларға арналған би байқауы, Түркістан облысының дамуы мен тарихи-мәдени киелі орындарын насихаттау мақсатында суретшілер мен фото суретшілердің «Түрленген-Түркістан» байқау-көрмесі, «Open Turkistan» танымдық бейнероликтер байқауы, ұлттық киім дизайнерлерінің туындыларын халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Turkistan fashion» киім дизайнерлерінің байқауы өткізілді. «Сәлем саған, Түркістан» өнер фестифалінде оқу ордамыздың «Шабыт» би ұжымы бас жүлде ,   «Түрленген Түркістан» суретшілер мен фото суретшілердің көрме байқауының кескіндеме номинациясы бойынша университетіміздің Спорт және өнер факультеті Бейнелеу өнері кафедрасының аға оқытушысы Мұрат Шаханбаев жүлделі III орын иегері атанды. Әріптестерімізге шығармашылықтың биік шыңдарынан көріне беруіне тілектестік білдіреміз.

Напишите свой вопрос

 

×