Университет оқытушысы АҚШ грантын жеңіп алды

Ағылшын филологиясы кафедрасының PhD,аға оқытушысы Сейтова Меруерт АҚШ елшілігі тарапынан қаржыландырылатын American English E-Teacher program Winter 2020 грантын жеңіп алды.
Аталмыш бағдарлама шетелдік ағылшын тілі оқытушыларына АҚШ-ның әртүрлі деңгейдегі университеттерінде үздіксіз білім беру курстарынан өту мүмкіндігін ұсынады. Бағдарлама АҚШ Мемлекеттік департаментімен қаржыландырылады. AE E-Teacher курстары қатысушыларға интерактивті қашықтықтан оқытуды қамтамасыз ету үшін жаңа білім беру технологияларын қолданады және қатысушы мұғалімдердің «ағылшын тілі-шет тіл» ретіндегі проблемаларын шешудегі заманауи әдістермен таныстыруға арналған. Бағдарлама сонымен қатар қатысушыларды американдық ағылшын мұғалімдерімен байланыстырады және халықаралық әріптестерді дамытуға бағытталған