Әріптесіміз «Үздік журналист» атанды

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің мәдениет сарайында Түркістан облысының «Жыл үздіктері» анықталды. 2019 жылдың қорытындысы бойынша облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан ауыл шаруашылығы, білім, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, байланыс, спорт, кәсіпкерлік салаларында жыл бойы ерекше еңбегімен көзге түскендер лайықты марапатқа ие болды. Солардың арасында университетімізідің Ақпарат орталығының басшысы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, «Қазақстан бас редакторлары клубы» ҚБ-нің мүшесі, БАҚ менеджері, университетіміздің Туризм және журналистика кафедрасының магистр-оқытушысы Тельман Бейсенов те бар. Оның Айқын газетінде Түркістанды түлету бағытында жаңа облыстың тыныс-тіршілігі мен болашақ келбеті, әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен саяси орны һәм рухани-мәдени салмағы және атқарылып жатқан жұмыстар бойынша 300-ге жуық мақаласы жарық көрді. Тельман Әбдібекұлы Бейсеновті «Жылдың Үздік журналисі» марапатымен құттықтаймыз!