Спортшымыз-жеңімпаз!

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін Самбодан Халықаралық турнирі өтті. 15 мемлекеттен 200-ге жуық спортшылар қатысқан жарыста университетіміздің Спорт және Өнер факультеті, Дене шынықтыру мамандығының 4-курс студенті Бағлан Ибрагим жеңімпаз атанып, жүлделі I орынды иеленді. Бағлан Ибрагим Самбо күресінен Азия ойындарының жеңімпазы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Бапкері Жақыпбек Қасымбеков. Спортшыларымыздың байрақты бәсекелерде биіктен көріне беруіне тілектеспіз!