Студенттердің еңбегі ескерілді

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы мен облыстық Жастар орталығының ұйымдастыруымен «Жасыл ел» бағдарламасының аясында «Жасыл желек жайқалсын!» жастар еңбек жасақтарының жұмыстарын қорытындылау кеші өтті. «Жасыл ел» жасағының құрамында біздің университетіміздің жастары да Түркістан қаласының көркеюіне атсалысты. Жастар дүйсенбі мен жұмыс күні аралығында жасыл желектерді баптап, ағаштар мен гүлдерді суғарып, демалыс орындары мен көшені абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Салтанатты шарада университетіміздің жастарына Түркістанды көркейтуге қосқан үлестері үшін алғыс хаттар табысталды. Университетіміздің Тәрбие және жастар бөлімінің үйлестірушісі Нұрбек Кұдіретуллаұлы Исаев және студенттеріміз Әділет Нұрлыбекұлы Әбдімүтәліп, Зилола Азаматқызы Нурматова, Сымбат Даулетқызы Ханалбек, Бабур Бахадирович Юлдашев, Әсел Рахымжанқызы Сұлтанбек, Нұрдәулет Ержанұлы Жасыбаев марапатталды. Мерекелік кеш концерттік бағдарламаға ұласты.

 

Ақпарат орталығы