Әріптестік байланыстың алғашқы қадамы

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Оқу істері жөніндегі вице-президенті Ө.Умбетов, Стоматология факультеті деканы К.Э.Акпынар бастаған топ Ташкент мемлекеттік стоматология институтында болды. Екі оқу орны арасында екі жақты сапалы білікті дәрігер стоматолог дайындау, оқытушы-профессорлары арасында тәжірибе алмасу, магистратура бағдарламасы бойынша білімдерін жалғастыру мақсатында ынтымақтастық мемарандумы жасалды.
Университетіміздің Оқу істері жөніндегі вице-президент Ө.Үмбетов:

«Біздің мақсатымыз екі елдің іргелі оқу орындары арасында тығыз әріптестік, тәжірибелік қарым-қатынас орнату. Мемарандумды жүзеге асыру барысында Эразмус бағдарламасы бойынша бірлесіп өтінімдер беріп, инновациялық оқыту әдістерін ұйымдастыру мен академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында студенттердің білімін жан-жақты арттыру, лекция және семинарлар ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілетін болады», — деді.
Іс сапар барысында ТМСИ ректоры м.ғ.д., профессор Жасур Алимжанұлы Ризаев оқу орнының клиникасымен, емхана, зертханалық орталықтары, ғимараттар мен зертханаларының мүмкіншіліктерімен таныстырды.

Ақпарат орталығы