Стоматология клиникасы ашылды

Қ.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Стоматология факультетіне қарасты Стоматология клиникасы ашылды. Салтанатты шараға  университеттің Өкілетті Кеңесінің төрағасы Мұса Йылдыз, Өкілетті Кеңес мүшесі Мухиттин Шимшек және оқу орнымыздың ректоры Болатбек Абдрасилов қатысты. Клиника медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға бағытталған жоспарды жүзеге асыру мақсатында ашылды.
Клиникада білікті дәрігерлер мен профессорлар, Түркиядан келген ғалымдар қызмет атқарады. Дәрігер-ұстаздар шетелде, озық үлгідегі түрік клиникаларында оқып, тағылымдамадан өткен. Бұнда заманауи фантомдар, панорамдық рентген, протез-техника лабораториялары мен хирургиялық, терапиялық, ортопедиялық кабинеттер және балалар стоматологиясы жұмыс істейді.
Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ Өкілетті Кеңес төрағасы, профессор Мұса Йылдыз:

«2016 жылы Қазақстан мен Түркия мемлекетінің қолдауымен университетімізде Стоматология факультеті ашылған болатын. Факультетте 900-ге жақын шәкірт білім алуда. Заманауи үлгідегі құрал-жабдықтармен жабдықталған. Түркістанда алғашқы рет Сирона маркалық заманауи панорамдық рентген аппараты қызмет көрсетеді. Бұл клиника Қазақстан мен Түркия мемлекеттеріне құтты болсын! Қазақстан мен Түркияның қарым-қатынасы мәңгілік болсын!».
Университеттің Стоматология факультетінің ұстаздары дуальды оқыту бойынша студенттердің теориялық білімін тәжірибе жүзінде танысуға мүмкіндік алады. Жас маман теория мен тәжірибені меңгеріп, олардың өзіне бекітілген жұмысқа жауапкершілігі жоғарылайды.
Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ ректоры, профессор Болатбек Абдрасилов:

«Университетіміздің Стоматология факультетіне қарасты стоматологиялық клиника ашылуда. Стоматология факультеті университетіміздегі ірі факултеттердің бірі. Мұнда ұстаздарымыз дуальды оқыту бойынша студенттердің теориялық білімін жетілдіруді тәжірибе жүзінде де жүзеге асыруға мүмкіндік алады.  Халыққа сапалы қызмет көрсету басты мақсаттардың бірі болғандықтан, бұл жерде жақсы мамандарды  дайындауға барынша атсалысуымыз керек. Клиника алдағы уақытта Түркістан халқына қызмет көрсету мақсатында да ашылып отыр».
Дәрігер-ұстаздар студенттердің теориялық білімдерін тәжірибеде науқасты емдеу барысында көрсетіп, білімдерін арттыруы мақсатында стоматология клиникасы студенттеріміз клиникаға дейінгі дайындық мақсатында, муляж бен манекендерде тәжірибелік дағдыларды жасап үйренулері үшін құрылған. 18 заманауи фантомдар және протез-техникалық лабораторияларында жұмыстар жүргізіледі. Бұл студенттердің клиникаға дейінгі білімдерін шыңдайды.

Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ Өкілетті Кеңес мүшесі, профессор Мухиттин Шимшек: «Құрметті студенттер! Бүгін ерекше маңызды күн. Студенттерімізге қояр талабымыз белгілі. Осындай соңғы заманауи құрал-жабдықтардың мүмкіндіктерін қолдана отырып, сапалы білім алып шығады деп сенемін. Сіздерді мақтан тұтатындай мықты тіс дәрігері болып шығуларыңызға тілектеспін»-деді.
Клиникада стоматологиялық кабиенттерден бөлек, клиникалық кабинеттерде хирургиялық, терапиялық, ортопедиялық және балалар стоматологиясы қызмет көрсетеді.
Университеттің I вице-президенті, профессор Женгиз Томар: «Медицина саласында тәжірибе өте маңызды екені белгілі. Біздің Стоматология факультетінің студенттері осы күнге дейін білімдерін практикада көрсете алмады. Біз бүгін жас дәрігерлеріміз үшін мол мүмкіндіктер ұсынудамыз. Бұл Түркістандағы университеттің алғашқы стоматологиялық клиникасы болып табылады»-деп пікірін білдірді.
Науқасқа қолданылған құрал-жабдықтар пакеттеліп, арнайы стерилизациялайтын құрылғылармен залалсыздандырылады. Стоматология клиникасы университетіміздің ұжымына, білімгерлерімізге қызмет көрсететін болады.

                                                                                                                                                                                                                                                                             Ақпарат орталығы