Спартакиада өз мәресіне жетті

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушы-профессорлары мен қызметкерлері арасындағы спартакиада өз мәресіне жетті. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялауын қолдау мақсатында ұйымдастырылған сайыста ұстаздар мен қызметкерлер эстафеталық ойын, волейбол, баскетбол, қол күресі, арқан тарту сияқты спорт түрлері бойынша сынға түскен болатын. Университетіміздің І вице-президенті Женгиз Томар спартакиадаға қатысқан жеңімпаз командаларды құттықтап, осындай спорттық сайыстардың өз дәрежесінде өтуіне атсалысқан ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді. Командалық есеп бойынша І орынды Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби колледжі, ІІ орынды Кентау институты, ІІІ орын Әлеуметтік ғылымдар факультеті иеленді.

 

Ақпарат орталығы