«Yassawi SmartTech» хакатон

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ 

Хожа  Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Қазақстанның ЖОО-ның білім алушылары арасында ІТ технологиялар бойынша Хакатон өткізеді

 

Хожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 2020 жылдың 20-21 ақпанында Қазақстан ЖОО білім алушыларының арасында «Yassawi SmartTech» ІТ технологиялары бойынша Хакатон сайысын өткізеді. Ұйымдастыру және өткізу бойынша негізгі орындаушы «Компьютерлік инженерия» кафедрасы болып табылады.

Конкурсқа қатысушылар кез келген бағдарламалау тілін қолдана отырып, қойылған есептерді шешу үшін бағдарламалар жазады.

Хакатонның жеңімпаздарына Алматыда тұру, жолақы және жалақысының толық төлемімен Incraft компаниясында  6 айлық тегін тағылымдамадан өту мүмкіндігі беріледі. ІІ және ІІІ орын алғандар BilimBook білім беру компьютерімен және BilimBook light планшетімен марапатталады.

Сайыскерлерді әкімдіктен кофе-брейк күтіп тұр 😉

Жұмыс тілдері: қазақша, орысша

Хакатонға қатысу үшін 2020 жылдың 27 қаңтары мен 15 ақпаны аралығында үш қатысушыдан артық емес өз командасын тіркеу және auy.edu.kz университет сайтыннан сайысқа қатысу бойынша сауалнама-өтінімін сілтеме арқылы толтыру қажет.

Сайыскерлер Хакатонға қатысу үшін өз жетекшісімен, ноутбуктерімен келеді.

Жол жүру, тұру және тамақтану жіберуші Тараптың есебінен.       

Барлық сұрақтар бойынша ruslan.sadybekov@auy.edu.kz электрондық поштаға немесе +77476778782, +77056828232 телефонына хабарласыңыз.

Университет, факультет және мамандықтар туралы ақпаратты www.auy.edu.kz сайттынан көруге болады.

Напишите свой вопрос

 

×