Кеңейтілген ғылыми-семинар

31.01.2020ж. Инженерия факультетінде үш кафедраның ОПҚ құрамының қатысуымен кеңейтілген ғылыми-семинары өтті. МЭЭ-811 тобының 2-курс магистранты Есмұрат Балзияның «КТЗ фотоэлектрлік станциясының жұмыс режимін есептік зерттеу және моделімен диогностика жүйесін жасау» атты және Компьютерлік ғылымдар кафедрасының меңгерушісі, техн.ғ.кандидаты Т.А.Тұрымбетовтың «Үндістан мемлекеті қаржыландыратын Халықаралық ITEC бағдарламасына қатысу мүмкіндіктері» жайында баяндама жасады. Есмұрат Балзия өз баяндамасында күн электр станциялар көмегімен «Кентау трансформатор зауытының» АҚ электр энергиясымен қамтамасыз етудің тиімді жолдарымен бөлісті. Техн.ғ.кандидаты Т.А.Тұрымбетов жастардың шетелде білімін шыңдау үшін бөлінетін гранттарды жеңіп алу жолдарын түсіндіріп өтті. Ұйымдастырылған ғылыми-семинарға факультеттің ОПҚ және магистранттары белсенді қатысып, пайдалы мағлұматтар ала алды. Ғылыми-семинардың соңы Қазақстандағы гранттық бағдарламаға жобаларды дайындау сұрақтары қарастырылып, әр кафедрадан бірнеше жобалар дайындалатын болып шешілді.

Осындай ғылыми семинарлар факультетте екі апта сайын өтетін болады, жас ғалымдар мен ОПҚ құрамы ғылымның өзекті мәселелерін бірлесе талқылап, факультетте ғылымды дамытуға негізделген жолдарын университеттің стратегиялық бағытқа cай орындайды.