әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған шаралар талқыланды

Қ.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Болатбек Абдрасилов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Лама Шариф Қайрат Қайырбекұлымен кездесті. Кездесу барысында ағымдағы жылдың наурыз айында өтетін шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған іс-шаралар туралы бірқатар мәселелер талқыланды. Жоспарланған шаралар аясында Түркістанда Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ-да «әл-Фарабидың Отырардағы балалық және жасөспірім шақтары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі. Конференция Ұлы ойшылдың туған өлкесі — Түркістаннан «Әбу Насыр әл-Фарабидің ізімен» Халықаралық экспедициясымен жалғасатын болғандықтан түсірілім топтарын көне Отырар шаһарына сапарын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Ақпарат орталығы