«Денсаулық» акциясы өтті

Бүгін университетіміздің Медицина факультетінің белсенді ерікті жастарының ұйымдастыруымен «Денсаулық» акциясы өтті. Бұл шара оқу орнымыздың қызметкерлері мен студенттеріне қазіргі таңдағы әлемдік деңгейде қауіп төндіріп отырған Коронавирус жайлы ақпараттандыру мақсатында алдын алу шаралары ұйымдастырылды. Болашақ дәрігерлеріміз студенттер мен оқытушылардың ағзадағы қант құрамының деңгейі мен қан қысымын анықтап, студенттерге Коронавирус дегеніміз не, вирустың таралуы, берілу жолдары, симптомдары, жұқтырып алуға күмән болған жағдайда іс-әрекеттері мен өзіндік қорғану әдістері туралы мағлұмат берді.Университетіміздің ректоры Б.Абдрасилов қоғамда жастарымыздың дұрыс тамақтанып, салауатты өмір сүруі мен спортпен шұғылдануына насихаттайтын жас дәрігерлеріміздің ұйымдастырған шарасының маңызды екендігін атап өтіп, істеріне сәттілік тіледі. Сонымен қатар,  жас дәрігерлеріміз студенттерге коронавирус жайлы түсіндірме парақшаларын таратты.

 

Ақпарат орталығы