«Ясауи кубогі» үшін студенттер лигасы басталды

Бүгін  Болашаққа бағдар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялауын қолдау мақсатында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Ясауи кубогі» үшін факультет аралық дәстүрлі студенттер лигасының ашылу салтанаты өтті. Спорттық сайыстың мақсаты –студенттер арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау, спорттық іс-шараларды өткізу арқылы студенттерді Отансүйгіштікке және адамгершілікке тәрбиелеу, денсаулығын нығайту, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, достығын нығайту. Спорттық жарыстар 10.02-12.03.2020 ж уақыт аралығында өтеді. Студенттер спорттық сайыста кіші футбол, волейбол (қыздар), стритбол (ерлер) спорт түрлері бойынша сынға түседі.

 

Ақпарат орталығы