Халықаралық Стоматологтар күні аталып өтті

Университетіміздің Стоматология факультетінің студенттері Халықаралық Стоматологтар күніне арналған профилактикалық-мерекелік іс шара өткізді. Кәсіби мерекеге арналған жиынға Стоматология факультетінің деканы К.Акпынар, оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттері қатысты. Мерекелік шарада болашақ тіс дәрігерлері профилактикалық презентациялар арқылы тіс күтіміне байланысты мәліметтермен бөлісіп, көрермендерге кеңес берді. Жиында К.Акпынар оқытушылар мен студенттерді бүгінгі кәсіби мерекелерімен құттықтап, шараны ұйымдастырған жастарға алғысын білдірді. Сонымен қатар, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып жүрген ұстаздар мен студенттерге алғыс хат тапсырды. Мерекелік шара Стоматология факультетінің өнерпаз студенттерінің дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Ақпарат орталығы