«Коронавирустан бірге сақтанамыз!» акциясы

Шымкент қаласындағы Қ.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент медицина институтында «Коронавирус 2019 nCoV» қарсы ағарту іс шарасы ұйымдастырылды. Іс шараға институтымыздың қызметкерлері мен І курс білімгерлері қатысты. Қатысушылар Коронавирусқа қатысты төрт тілде қазақ, орыс, түрік, өзбек тілдеріндегі баяндамаларында «Коронавирус 2019 nCoV» дегеніміз не, вирустың берілу жолдары, симптомдары, жұқтырып алуға күмән болған жағдайда іс-әрекет алгоритмі, алдын алу, өзіндік қорғану әдістері туралы көрнекі құралдармен толық мағлұмат берді. Коронавирус туралы жаднамалар таратылды.


Сонымен қатар, түсіндірме жұмыстары бойынша шаралардың жалғасы университетіміздің Медицина факультетінің белсенді ерікті студенттері мен Түркістан облысы «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен Түркістан қаласындағы орталық базар аймағында «Коронавирустан бірге сақтанамыз!» акциясын өткізді. Шараның мақсаты – тұрғындарға коронавирус туралы ақпарат беру, коронавирустың алдын алу шаралары бойынша түсіндірме жұмыстарын өткізу.
Ауқымды шара облыс тұрғындарына қазіргі таңдағы әлемдік деңгейде қауіп төндіріп отырған Коронавирус жайлы ақпараттандыру мақсатында алдын алу шаралары ұйымдастырылды. Коронавирус дегеніміз не, вирустың берілу жолдары, симптомдары, жұқтырып алуға күмән болған жағдайда іс-әрекеттері мен өзіндік қорғану әдістері туралы мағлұмат берді. Сонымен қатар, арнайы медициналық маскалар мен коронавирус туралы жаднамалар тарқатылды.

 

Сондай-ақ, түсіндіру жұмыстары Қ.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне қарасты  «АИ» дәрігерлік амбулаториясында  Коронавирус инфекциясы бойынша эпидемияға қарсы іс шаралардың кешенді жоспары түзіліп, бекітілген. Университетіміздің барлық оқу ғимараттары мен жатақханаларында санитарлық эпидемиологиялық тәртіп күшейтілді.  Студенттерге түсіндірме парақшалары тарқатылып, ғимараттарға плакаттар ілінді. Университетімізде білім алатын барлық шетел студенттері қадағалануда. Факультеттерде санитарлық  ағарту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, санитарлық талаптарға сай залалсыздандыру жұмыстары күшейтілді.