Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған іс шара

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жаратылыстану факультеті «Биология және сабақтас ғылымдар» мамандығының І курс студенттері Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жылдығына орай өткізген «Атымды адам қойған соң, қайтып надан болайын» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Жиынның  мақсаты- Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығы мен рухани асыл мұраларын дәріптеп, өлеңдері мен әндерін жастар арасында насихаттау.

Студенттер Ұлы Абайдың 6 өлеңін 6 тілде: қазақ, орыс, өзбек, ағылшын, өзбек, түрік, тәжік тілдерінде жатқа айтты. Абайдың шығармашылығы мен әр замандағы көзқарастарды баяндаған видеофильм көрермендер назарына ұсынды.

 


Абай  өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай – лебі, Абай – үні, ана тынысы – заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді. Жандарәлі Әсел, Юлдашова Роза, Исмаилов Умиджон Абайдың 4, 9, 12 қара сөздерін мәнерлеп жеткізді. Музыка саласында жазба мәдениеттің болмауына қарамастан, Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі – олардың халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында. Абай әндерінің өзгешелігі – мелодиялық, ырғақтық жақтарындағы жаңалықтарында, идеялық мазмұнының ашықтығында болды. Кеште студенттеріміз Абай әндерін хормен орындап, көрермендерді тамсандырды.

Ақпарат орталығы