Өз дәуірінің айнасы — Абай Құнанбайұлы және Қара сөздері

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті  Кеңесінің тапсырмасымен  доцент, доктор Экрем Аяның “Өз дәуірінің айнасы-Абай Құнанбайұлы және Қара сөздері”  кітабы жарыққа шықты. XIX ғасырдағы  қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаған Абай Құнанбайұлы қазіргі қазақ әдебиетінің ең маңызды тұлғасы.

Қазақ халқының ұлттық символына айналған Абай туралы зерттеу жұмыстары Қазақстан Республикасы  тәуелсіздік алғаннан кейін қарқынды түрде жалғасты. Сонымен қатар, Абайдың 150 жылдығы 1995 жылы ЮНЕСКО тарапынан аталып өтуі Түркия мен Қазақстанда Абайтану саласының дамуына зор үлес қосты.

Бұл шығармада Абайдың қара сөздері дін және адамгершілік, достық пен махаббат, білім және ғылым, өмірдің мәні мен қазақ халқы тақырыбында зерттелген.