Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу

Университетіміздің Жаратылыстану факультетінің студенттерінің ұйымдастыруымен Ауған соғысының ардагерлерімен «Ауған ызғарының саңлақтары» атты тақырыпта сұхбат-кездесу өтті. Жиынның мақсаты – Ауған соғысы ардагерлерімен сұхбаттасу, жастардың азаматтық сезімдерін қалыптастыру, Отан сүйгіштікке баулу.
Аталған іс-шараға Түркістан облысы Ауған соғысының ардагерлері Тілес Ахай, Әліпби Қарабалаев, Жақсылық Жантілесов және мүгедектер кеңесінің қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшелері жастармен кездесіп, сұхбат құрды. Кездесу соғыстан қайта оралмаған ажал құшқан қаншама боздақтарды еске алып, үнсіздік жарияланудан басталды. Ауған соғысының ардагерлері Жастарға бейбіт заманында әскерге аттанып, Ауғанстан жеріндегі сұм ажалмен алысып, қанша қиындықтар мен қорқынышты кезеңдерді бастан кешіп, елге аман-есен оралғандары жайлы айтып берді. Студенттер кездесу барысында өздерін қызықтыратын сұрақтар қойып, түрлі оқиғаларды тыңдап, осы кездесуден көп жақсы әсер алды. Ең бастысы Отанға деген сүйіспеншілігі, патриоттық рухы және сезімдері артқандығы анық. Кездесу студенттеріміз дайындаған мерекелік концертпен жалғасты.