Студенттеріміз «Арай-2020» байқауының жеңімпаздары

Түркістан қаласындағы Р.Сейтметов атындағы сазды-драма театрында «АРАЙ-2020» жас эстрада әншілері мен мәдени іс-шара жүргізушілері байқауы өтті. 25 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан байқау Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерей тойына арналды. Ондағы мақсат – ақын шығармаларын жастар арасында кеңінен насихаттап, жас талант иелерінің өнеріне қолдау білдіру.
Байқау қағидаларына сәйкес 3-5 ақпан аралығында облыс аумағындағы аудан, қалаларында өткізілген іріктеу кезеңіне 294 үміткер қатысып, 38 үміткер ақтық сынға жолдама алған.
Мәдени іс-шара жүргізушілерінің сайысында оқу орнымыздың Спорт жəне өнер факультеті Актерлық өнер мамандығының үшінші курс студенті Инабат Абытханқызы бас жүлде иегері атанды. Спорт жəне өнер факультеті екінші курс студенті Əлжанов Дастан III орынды иеленсе, әншілер сайысы бойынша «Көрермендер көзайымы» номинациясы — «Ugai» тобына табысталды.
Жетекшісі университетіміздің Мəдениет орталығының көркемдік жетекшісі, Спорт жəне өнер факультетінің Актерлық өнер мамандығының аға оқытушысы, Қазақстан Республикасының Көркем өнерпаздар одағының мүшесі Асылзат Өтжанқызы Ибраева. Жас өнерпаздарымызға шығармашылық табыстар тілейміз.