“Lesson Study арқылы сабақты зерттеу” тақырыбында семинар-тренинг

Университетіміздің “Үздіксіз және қашықтықтан білім беру орталығының” жетекші маманы М.Қ.Түйебаев “Түркістан облысының Әдістемелік орталығының” қызметкерлеріне “Lesson Study арқылы сабақты зерттеу” тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Бұл жиын Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ — түрік университеті мен Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы арасында жасалған меморандум аясында өткізіліп отыр. Семинарда Lesson Study тәсілі арқылы оқушылардың үлгерімін және мектеп мұғалімдері тәжірибесін дамыту жолдарын, олардың өсу динамикасын қалай көрсетуге болатындығы туралы мәселелер қарастырылды. Семинар-тренинг жоғары деңгейде өтті. Семинарға қатысушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақтар қойып, өзара пікір алмасты.

Ақпарат орталығы