Жас спортшыларымыз – жеңімпаз!

2020 жылдың наурыз айының 5-7 күндері аралығында Дзюдо күресінен Тараз қаласында 2000-2002 жылдары туылған жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге 17 қаладан 400-ге жуық спортшы бағын сынады. Оқу ордамыздың 9 спортшы студенті спорт сайысына қатысып, қыздар арасында Анель Мұхан 52 кг, Арайлым Оразбай 78 кг, Нәбира Сламбекова мен Жұлдыз Жұмахан 70 кг, Бибіхан Нәбиева 48 кг, Гүлзира Құлдасбек 63 кг, ерлер арасында Дәулет Хабибуллаев 81 кг, Нұрхан Алмабек мен Кемелбек Молдаш 66 кг салмақта өнер көрсетіп, жалпы командалық есеп бойынша Түркістан облысының құрама командасы ІІІ орынға ие болды. І орынға Қызылорда облысы, ІІ орынға ШҚО иемденсе, ІІІ орынға  Түркістан облысы мен Атырау облысы тұрақтады.
Спортшыларымызды Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушы, профессор, Оқу-сауықтыру бөлімінің аға бапкері Әбдісадық Халилаев пен Қазақстан Республикасының спорт шебері, Оқу-сауықтыру бөлімінің аға бапкері Мұхтар Бөгенбаев дайындаған.
Сонымен қатар, наурыз айының 5-10 күндері аралығында Финляндия Республикасының Хельсинки қаласында өткен Халықаралық бокс турнирінде жас спортшымыз 81 кг салмақта Бек Нұрмағанбет ІІІ орын иеленді. 

Спортшыларымыздың байрақты бәсекелерде еліміздің және оқу орнымыздың атын әлемге таныта берулеріне тілектеспіз!

Ақпарат орталығы