Eurasian Research Journal журналы

Eurasian Research Journal (ERJ) атты халықаралық сараптамадан өткен ғылыми журнал Еуразия ғылыми-зерттеу институты тарапынан 2019 жылдан бері жылына екі рет шығарылып келеді. 2020 жылдың қаңтарында үшінші саны жарық көрген ағылшын тіліндегі басылым Еуразия аймағындағы экономика, қаржы, энергетика, қауіпсіздік, көлік, халықаралық қатынастар, тіл және басқа да салалардағы маңызды оқиғаларды ғылыми тұрғыдан қарастырады. Журналға өз саласының жетекші сарапшылары мен перспективалы жас ғалымдардың мақалалары жасырын сараптамадан өткізіліп қабылданады. 

ERJ журналын халықаралық ғылыми дерекқорларға енгізу бойынша жұмыстар қарқынды түрде жүргізілуде. ERJ журналы 2020 жылдың 6 наурызынан бастап халықаралық Cosmos дерекқорына қабылданып, Қазақстанда бұл дерекқорға енген тұңғыш журнал болды. ERJ журналы индекстелетін дерекқорлар мен өтініш беру процесіндегі дерекқорлардың тізімі төменде келтірілген.

Журналды қабылдаған дерекқорлар:

  • Index Islamicus
  • International Scientific Index (ISI)
  • Cosmos
  • Scientific Indexing Services (SIS)
  • Akademia Sosyal Bilimler İndeksi (ASOS)
  • Root Society for Indexing and Impact Factor Service (ROOT Indexing)
  • Eurasian Scientific Journal Index (ESJI)

Өтініш білдірілген дерекқорлар:

  • Social Sciences Reference Index (SOBİAD)
  • Direct Research Journal Indexing (DRJI)
  • Asian Studies Index (ASI)
  • International Bibliography of the Social Sciences (IBSS)
  • Academic Resource Index (ResearchBib)
  • European Reference Index for the Humanities (ERIH)
  • Directory of Open Access Journals (DOAJ)
  • Index Copernicus