Құттықтаймыз!

2020 жылдың наурыз айының 2-6 күндері аралығында Қызылорда қаласында мемлекет және қоғам қайраткері Нәлқожа Ергешбаевты еске алуға арналған тоғызқұмалақтан ашық Азия кубогы өтті. Дүбірлі бәсекеге Қазақстанның әр өңірінен және Түркия, Ауғанстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Ресей, Моңғолия, Босния және Герцеговинадан келген 284 тоғызқұмалақшы қатысып, шеберлік танытты. Сайыста университетіміздің Әлеуметтік ғылымдар факультеті Халықаралық қатынастар мамандығының 3-курс студенті Саят Мурсалин Димрал ІІ орынды жеңіп алды. Сондай-ақ, студентіміз Түркияда өтетін олимпиадаға жолдама алды. Жеңімпаз шәкіртімізді Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы Йүксел Челик құттықтап, сәттілік тіледі.

Ақпарат орталығы